Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 261 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Pеспубликасы Ішкі істер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 261 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22 N 607 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 176 қаулысында:
1) 2 және 3-тармақтардағы "Әділет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақ алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында:
"ӘдМ НЕҚК", "ДСА" және "МAКM" деген сөздер "IIМ", "ДСМ" және "Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын.