Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 265 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес әрi материалдық және моральдық залалды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен 2306941 (екi миллион үш жүз алты мың тоғыз жүз қырық бiр) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң    
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 265 қаулысына 
қосымша    

Азаматтық істер бойынша орындалуға
тиісті сот шешімдерінің тізбесі

___________________________________________________________________
P/c|Сот органының атауы мен |Талапкердің|Мемлекеттiк |Мемлекеттiк
N  |шешiмiнiң күнi          |Т.А.Ә.     |бажды шегер.|баж (теңге)
   |                        |           |гендегi сома|
   |                        |           |(теңге)     |
___|________________________|___________|____________|_____________
1   Қостанай қалалық
    N 2 сотының 2003.23.01.   Н.Л.Гоменюк  50413          -
    шешiмi

2   Қызылорда қалалық
    сотының 2001.29.06.       Б.Жүсiпов    1476182        -
    шешiмi

3   Астана қаласы Сарыарқа
    аудандық сотының
    2001.16.11. шешiмi,       В.В.Дьяченко 280000
    Астана қалалық соты
    қадағалау алқасының
    2002.22.08. қаулысы

4   Қостанай қалалық соты.
    ның 2001.23.11. шешiмi,
    Қостанай облыстық соты
    азаматтық iстер
    бойынша алқасының
    2002.16.01. қаулысы,
    Қостанай облыстық соты
    қадағалау алқасының
    2002.25.07. қаулысы,
    Қостанай қаласы N 2
    сотының 2003.30.09
    ұйғарымы                  С.К.Кинебаев 452133        -

5   Қостанай қалалық
    сотының 2001.23.11.
    шешiмi, Қостанай
    облыстық соты азаматтық
    iстер бойынша алқасының
    2002.16.01. қаулысы,     Қостанай
    Қостанай қаласы N 2      қаласы N 1
    сотының 2003.30.09.      заң консуль.
    ұйғарымы                 тациясы      48213        -
___________________________________________________________________
Жиыны                                     2306941
Жалпы сомасы                              2306941
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады