Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Нұра өзенiн тазарту" жобасы бойынша қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкi арасындағы "Нұра өзенiн тазарту" жобасы бойынша
қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы"
2003 жылғы 17 желтоқсанда Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Нұра өзенiн тазарту" жобасы бойынша қарыз туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
Қарыз туралы келiсiм
(Нұра өзенiн тазарту жобасы)
2003 жыл 17 желтоқсан
Қарыз Нөмірі 4693 KZ
Қарыз Туралы Келісім
Қазақстан Республикасы (Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Келісім.
Қарыз алушы осы Келiсiмге 2-Қосымшада айтылған Жобаның орындалуы мен басымдығына көзiн жеткiзiп, Банктен осы Жобаны қаржыландыруға жәрдемдесудi сұрады;
Банк, атап айтқанда, жоғарыда айтылғандардың негiзiнде осы Келiсiмде көзделген шарттар мен мерзiмнiң негiзiнде Қарыз алушы қарыз беруге келiсiм бергендiгiн Назарға Ала Отырып;
Жоғарыда Айтылғандарға Негіздей Отырып, тараптар осы Келiсiмде мыналар туралы уағдаласты:
I БАП
Жалпы ережелер;
Анықтамалар.
1.01-бөлiм. Банктiң 1995 жылғы 30 мамырдағы "Бiр валюталы қарыздар мен кепiлдiктер туралы келiсiмдерге қолданылатын жалпы ережелер" (1999 жылғы 6 қазанды қоса алғандағы түзетулермен) (Жалпы ережелер) осы Келiсімнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылады.
1.02-бөлiм. Түпнұсқадан өзгелей туындамаса, осы Келiсiмге Жалпы ережелерде және Кiрiспеде анықталатын терминдер осы анықтауларда бекітілгендерге сәйкес келетiн мағыналарға ие, ал келесi қосымша терминдер мынадай мағыналарға ие.
(а) "СРК" - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Су
ресурстары жөнiндегi комитетi.
(b) "ҚОҚЖ" - Қарыз алушы 2002 жылғы 22 ақпанда дайындаған
және қабылдаған Банктi қанағаттандыратын Қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi жоспар, онда Жобаның шеңберінде қоршаған
ортаға, мониторингке әсер етудi жеңiлдету жөнiндегi шаралар
және институционалдық iс-шаралар сипатталды.
(с) "Қаржы мониторингi туралы есеп" - осы Келiсiмнiң
4.02-бөлiмiне сәйкес дайындалған әрбiр есеп.
(d) "ХСК" - Осы Келiсiмге 1-қосымшаның 3 (с) тармағына сәйкес
Қарыз алушы құратын және ұстайтын сынап токсикологиясы мен
тазартуының тиiстi салаларындағы кем дегенде үш халықаралық
мамандарынан тұратын Халықаралық сарапшылар комиссиясы.
(е) "Іске асыру жөнiндегi нұсқаулық" - ЖБТ дайындаған және
2003 жылғы 13 қаңтарға дейiн Банкке берiлген нұсқаулық, онда
Жобаның шеңберiнде әкiмшiлiк жүргiзу, ақы төлеу, сатып алу,
есептілiк пен мониторинг рәсiмдерi көрсетiледi.
(f) "ЖІЖ" - Жобаны iске асыру жобасы.
(g) "ЖБТ" - Жобаның шеңберiндегі iс-шараларды дайындауға, iске
асыру мен үйлестiруге толығымен жауапты Су ресурстары
жөнiндегi комитеттiң Жобаны басқару жөнiндегi тобы.
(h) "Арнайы шот" - осы Келiсiмнiң 2.02. (б) бөлiмiне сәйкес
ашылған шот.
1.03-бөлiм. Жалпы ережелердегi жобаны iске асыру органына сiлтемелер Су ресурстары жөнiндегi комитетке сiлтемелер ретiнде қарастырылады.
II БАП
Қарыз
2.01-бөлiм. Банк Қарыз алушыға Қарыз туралы келiсiмде айтылған немесе көрсетiлген мерзiмде немесе ережелерде қырық миллион үш жүз тоқсан мың АҚШ долларына (40 390 000 АҚШ доллары) тең соманы беруге келiстi.
2.02 бөлiм. (а) Осы Келiсiмге 1-қосымшаға сәйкес Қарыз сомасы Жоба үшiн қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландыруға және осы Келiсiмнiң 2.04-бөлiмiнде көрсетілген қызметтер үшiн ақы төлеуге қатысты көзделген тауарлар мен қызметтердi бастапқы бағамен сатып алу үшін Қарыз алушы төлеген (немесе, егер Банк төлеуге жататынмен келiссе) сомаға Қарыз шотынан алынуы мүмкiн.
(b) Жобаның мақсаты үшiн Қарыз алушы қаражатты қарсы талаптардан, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiстi қорғауды қоса алғанда, Банк үшiн қолайлы жағдайларда арнайы долларлық депозиттiк шот ашады және жүргiзе алады. Арнайы шотқа салымдар және осы шоттан төлемдер осы Келiсiмге 6-қосымшаның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2.03-бөлiм. Жабылу күнi 2009 жылғы 30 қыркүйек немесе Банк белгiлейтiн неғұрлым кейiнiрек күн болып табылады. Банк мұндай неғұрлым кеш күн туралы Қарыз алушыны кешiктiрмей хабардар етедi.
2.04-бөлiм. Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының бiр процентi (1%) сомасында қарызды ұйымдастырғаны үшiн бiр жолғы комиссиялық сыйақы төлейдi. Күшiне енген күнге немесе одан кейiн бiрден Банк Қарыз алушының атынан мұндай комиссияны Қарыз шотынан алады және өз пайдасына төлейдi.
2.05-бөлiм. Қарыз алушы Банкке жылдық бiр проценттiң төрттен үшi (1%-тiң 3/4) ставкасы бойынша кезiнде Шоттан алынбаған Қарыздың негiзгi сомасы бойынша кредит мiндеттемесi үшiн комиссия төлейдi.
2.06-бөлiм. (а) Қарыз алушы әрбiр проценттi есептеу кезеңiне ЛИБОР жиынтық спрэдiн қосқанда ЛИБОР базалық ставкасына тең алынған және кезiнде өтелмеген Қарыздың негiзгi сомасы бойынша процент төлейдi.
(b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
(i) "Процент есептеу кезеңi" - осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап, осы күндi қоса алғанда, бiрақ одан кейiнгi келетiн бiрiншi проценттiк төлемнiң күнiн қоспағанда, және бастапқы кезеңнен кейiнгi проценттiк төлемнiң күнiнен бастап, және қоса алғандағы әрбiр кезеңнiң, бiрақ одан кейiнгi келетiн проценттiк төлемнiң күнiн қоспағанда, проценттер есептелу кезеңiнiң басталуы.
(іі) "Проценттi төлеу күнi" - осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күн.
(iii) "ЛИБОР базалық ставкасы" - Лондон банкаралық рыногында доллармен алты айлық депозиттер бойынша ұсынылған, Банк негiздi түрде анықтайтын және жылдық процент ретiнде көрсетiлетiн проценттердi есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн Проценттердi есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiне бағаланатын (немесе бастапқы Есептеу кезеңi жағдайында - Проценттi төлеу күнiне немесе мұндай Проценттердi есептеудiң бағаланатын күнi немесе проценттік есептеулердiң бiрiншi күнiнен кейiнгi келесi күнi) ставка.
(iv) "ЛИБОР жиынтық спрэдi" - әрбiр Проценттердi есептеу кезеңiне: (А) бiр проценттiң төрттен үшi (1%-тiң 3/4); (В) Банктiң өтелмеген қарыз қаражатын және Банк негiздi анықтайтын және жылдық процент ретінде көрсетілетiн бiр валюталы қарыздар мен қарыздардың бөлiктерiн қаржыландыру үшiн Банк бөлген қарыз қаражатының бөлiктерiне қатысты алты айлық депозиттер бойынша ұсыныстардың Лондондық банкаралық ставкасы мен өзге бағдарлы ставкалардан төмен (немесе жоғары) әрбiр Проценттi есептеу кезеңi үшiн орта өлшемді маржа.
(с) Банк проценттердi есептеудiң әрбiр кезеңiне анықталатын ЛИБОР-дың базалық ставкасы мен ЛИБОР-дың жиынтық спрэді туралы Қарыз алушыны дереу хабардар етеді.
(d) Егер 2.06-бөлiмде көрсетілген проценттік ставкалардың анықтауына әсер ететiн рыноктiк конъюнктураның өзгеруiне байланысты Банк оның қарыз алушыларының, тұтастай алғанда Банктiң де мүддесiнде, атап айтқанда жоғарыда ескерiлген бөлiмде көрсетiлгеннен ерекшеленетiн Қарыз бойынша проценттiк ставкаларды анықтау үшiн өзге базаны қолдану қажет деп белгiлесе, онда Банк Қарыз алушыны мұндай жаңа база туралы кемiнде 6 (алты) айдан кешiктiрмей хабардар ете отырып, Қарыз бойынша проценттiк ставкаларды анықтау үшiн базаны өзгерте алады. Базалық ставка Қарыз алушы көрсетiлген кезең iшiнде мұндай базаға қарсылығы туралы Банктi хабардар ететiн жағдайды қоспағанда, хабардар ету үшiн көзделген уақыт кезеңi өткеннен кейiн әрекет ететiн болады және бұл жағдайда көрсетiлген өзгерiстер Қарызға қолданылмайды.
2.07-бөлiм. Процент пен өзге де алымдар әрбiр жарты жыл сайын әрбiр жылдың 15 сәуiрi мен 15 қазанына кешiктiрілiп төлеуге жатады.
2.08-бөлiм. Қарыз алушы осы Келiсiмге 3-қосымшадағы өтеу кестесiне сәйкес Қарыздың негiзгi сомасын өтейдi.
2.09-бөлiм. СРК осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмi мен Жалпы ережелердiң V бабымен талап етiлетiн және шешiлген кез келген қажеттi шараларды қабылдау мақсатында Қарыз алушы тағайындайды.
ІІІ Бап
Жобаны орындау
3.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы Жобаның мақсаттарына өзiнiң қуаттайтыны туралы мәлiмдейдi және осы мақсатта Жобаны СРК арқылы тиiсiнше адал және тиiмдiлiкпен және тиiсiнше әкiмшілік, қаржылық, инженерлiк, экологиялық және техникалық практикаға сәйкес жүзеге асырады және қажет болған кезде Жоба үшiн талап етiлетін қаражатты, үй-жайларды, қызметтер мен басқа да ресурстарды кешіктiрмей бередi.
(b) Осы бөлiмнiң (а) тармағының ережелерiне қатысты шектеулерсiз және Банк пен Қарыз алушы өзге туралы уағдаласқан жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада көрсетілген Iске асыру жөнiндегi нұсқаулыққа, Iске асыру бағдарламасы мен жоспарына сәйкес Жобаны CPK арқылы орындайды;
3.02-бөлiм. Банкпен өзгелей келiсiлмесе: (а) Жоба үшiн қажет және Қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыруға көзделген тауарлар мен жұмыстарды сатып алу; (b) Жоба үшiн консультанттардың қызметтерiн сатып алу осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiмен реттеледi.
3.03-бөлiм. Жалпы ережелердiң 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектеусiз Қарыз алушы:
(а) Банк үшiн қолайлы нұсқаулықтың негiзiнде Жоба мақсаттарының орындалу үздiксiздігін қамтамасыз етудi көздейтiн жоспарды дайындайды және ол Қорытынды күннен кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей немесе Банк пен Қарыз алушы арасында келiсiлуi мүмкiн неғұрлым кештеу күнi Банкке ұсынады; және
(b) Қарыз алушымен жоғарыда көрсетiлген жоспар бойынша пiкiр алмасудың негізгі мүмкіндігін береді.
IV-Бап
Қаржы ережелерi
4.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы қаржы қызметiн басқару жүйесiн, соның iшінде есеп құжаттарын және есептердi КВР арқылы жүргiзедi немесе қамтамасыз етедi, сондай-ақ Банкке қолайлы бухгалтерлiк есептi жүргiзу стандарттарына сәйкес қаржы есептерiн, дәйектi түрде қолданылатын және балама көрсетiлетiн оның операцияларын және қаржы шарттарын, сондай-ақ Жобаны iске асыруға байланысты бөлек ескерiлетiн операцияларды, ресурстар мен шығыстарды даярлайды.
(б) Қарыз алушы КВР арқылы:
(i) есеп құжаттарына, шоттарды және тәуелсiз аудиторлар дәйектi түрде қолданатын, Банкке қолайлы аудиттiң тиiстi принциптерiне сәйкес әрбiр қаржы жылы үшiн қаржы есептерiне (теңгерме есеп, пайда мен зияндардың есебi және оларға байланысты есептер) аудиторлық тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;
(іі) Банкке дайындық жағдайына қарай, бiрақ кез-келген жағдайда өткен аудиторлық тексеру жылына осы Бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген қаржы есептерiнiң расталған көшiрмелерiн (А) әрбiр осындай жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей осы есептер бойынша (В) қорытындыны және аталған аудиторлар жүргiзген сондай көлемде және Банк негiздемелi түрде сұрата алатын осындай егжей-тегжейлi тәптiштеулермен осындай аудиторлық тексеру туралы есептi бередi; және
(ііі) Банкке көрсетілген есеп құжаттарына, шоттарға және қаржы есептерiне қатысты басқа ақпаратты, сондай-ақ оларға аудиторлық тексерудi, сондай-ақ Банк мерзiмдi сұрауға негiзделуi мүмкiн аталған аудиторларға қатысты ақпаратты бередi;
(с) Қарыз шотынан шығыстар туралы есептер негiзiнде қаражат алынуына қатысты барлық шығыстар бойынша, Қарыз алушы:
(i) осындай шығыстарды көрсететiн бухгалтерлiк есептi, есеп құжаттарын және жеке шоттарды жүргiзудiң жалпы қабылданған практикасына сәйкес жүргізедi немесе қамтамасыз етедi;
(ii) Банк Қарыз шотынан қаражат алғандағы соңғы қаржы жылына аудиторлық есептi алғаннан кейiн кем дегенде бiр жыл iшiнде осындай құжаттарды растайтын барлық есеп құжаттамасын (келiсiм-шарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактуралар, шоттар, түбiртектер және басқа да құжаттар) сақтайды;
(іii) Банктiң өкiлдерiне осындай құжаттамаларды тексеруге мүмкiндiк бередi;
(d) Қарыз берушi:
(iv) осы Бөлiмнiң (с)(i) тармағында көрсетiлген есеп құжаттарын және есептердi және тәуелсiз аудиторлар дәйектi түрде қолданатын, Банкке қолайлы аудиттiң тиiстi принциптерiне сәйкес аудиторлық тексеру жүргiзілген әрбiр қаржы жылына Арнайы шоттың құжаттарын жүргiзедi;
(v) Банк дайындық жағдайына қарай, бiрақ әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей оларды дайындау кезiнде қолданылатын iшкi бақылау рәсiмдерi мен әдiстерiн есепке ала отырып көрсетілген қаражаттарды есептен алу үшін негiз бола алатыны туралы аталған аудиторлардың жеке қорытындысын қоса алғанда, аталған аудиторлар жүргiзген сондай көлемде және Банк негiздемелi түрде сұрата алатын осындай егжей-тегжейлi тәптiштеулермен аудиторлық тексеру туралы есептi бередi;
(vi) көрсетiлген құжаттарға және шоттарға, сондай-ақ әлсiн-әлсiн Банк негiздемелі түрде сұрататын оларға аудиторлық тексеруге қатысты өзгедей ақпаратты Банкке бередi.
4.02-бөлiм. (а) Осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының 1-тармағында көрсетiлген орындалған жұмыс туралы есептердi беру туралы Қарыз берушiнiң мiндеттемелерiне сәйкес ешбiр шектеусiз Қарыз алушы КВР арқылы Банктiң:
(i) Қарыз сомасынан алынған қаражаттар көрсетілген және
осындай қаражаттарды нақты және жоспарлаған пайдалану
арасындағы айырмашылықтар түсiндiрiле отырып, жиынтықта
болсын және де есепте көрсетілген кезеңде болсын Жоба бойынша
қаражаттарды пайдаланудың көздерi мен мақсаттары көрсетілетiн;
(ii) Жобаны iске асыру барысы жиынтықта болсын және де есепте
көрсетiлген кезеңде болсын сипатталатын, сондай-ақ нақты және
жоспарлаған iске асыру кестесi арасындағы айырмашылықтар
түсiндiрiлетiн;
(iii) есепте көрсетiлген кезең соңына Жоба бойынша сатып
алуды жүзеге асыру ережесi көрсетiлетiн талаптарын
қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша қаржы мониторингi
жөнiндегi есептi жасайды және Банкке ұсынады.
(b) Қаржы мониторингі туралы бiрiншi есеп күшiне енген Күннен кейiнгі бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның аяқталуы бойынша 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiледi, есеп Жоба бойынша бiрiншi шығыстар күнiнен бастап осындай бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның соңына дейiнгі кезеңдi қамтиды; бұдан әрi әрбiр Қаржы мониторингі туралы есеп әрбiр өткен күнтiзбелiк тоқсан iшiнде 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiледi және осындай күнтiзбелiк тоқсанның кезеңiн қамтуы қажет.
V Бап
Банктiң санкциялары
5.01-бөлiм. Жалпы ережелердiң 6.02-бөлімiне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар айтылады:
(а) Жобаны iске асыру жоспарына өзгерiстер енгiзiлдi немесе оның қолданылуы тоқтатылды, күшi жойылды немесе одан Банктiң алдына ала келiсiмiнсiз-ақ бас тартылды.
(b) iске асыру жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер енгiзiлдi немесе оның қолданылуы тоқтатылды, күшi жойылды немесе одан Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз-ақ бас тартылды.
(с) Заңдарға қаулыларға, СРК жарғысына немесе өзге де құрылтай құжаттарына, оның ішінде мұндай құралдардың негiзiнде жатқан кез келген заң актілерiне өзгерiстер енгiзiлдi немесе олардың қолданылуы тоқтатылды, күшi жойылды немесе олардан бас тартылды, бұл СРК осы Келiсiмнiң шеңберiнде өз мiндеттемелерiн орындау қабiлеттілiгiне елеулi және терiс әсер етедi.
5.02-бөлiм. Жалпы ережелердiң 7.01 (k) бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша оқиға келiсiледi, атап айтқанда, осы Келiсiмнiң 5-бөлiмiнiң (а) (b) және (с) тармағында көрсетілген оқиға орын алады.
VI бап
Қолданылуын тоқтату
6.01-бөлім. Осымен Жалпы ережелердің 12.04-бөлімнің мақсаттары үшін осы келісімге қол қойылған күннен бастап тоқсан (90) күн мерзім белгіленеді.
VII бап
Қарыз алушының өкiлдерi; мекен-жайлар
7.01-бөлiм. Қарыз алушының Қаржы министрi Жалпы ережелердiң 11.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушының өкілi ретiнде анықталады.
7.02-бөлім. Жалпы ережелердiң 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшін мынадай мекен-жайлар анықталады:
Қарыз алушы үшін: Қаржы министрлiгi 473000 Қазақстан Республикасы, Астана, Жеңiс даңғылы, 33, Телекс: 264126 (FILIN) факс: (3172) 71 71 66
Банк үшін: International Ваnk for Reconstruction аnd Development 1818 Н street, NW. Washington, D.C. 20433 United States of America
Телеграф: Телекс: факс
INBARFRAD 248423 (МСI) (202) 477-6391
Washington D.C. 64145 (МСI)
Осыны куәландыра отырып, Тараптар өздерiнiң уәкілетті өкiлдерi тиiстi түрде әрекет етіп, жоғарыда көрсетілген күнi және жылы Америка Құрама Штаттарының Колумбия округiнде осы Келiсуге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Үшін
Уәкiлеттi орган
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі үшін
Уәкiлеттi өкiл
1-Қосымша
Қарыз Қаражатын шоттан алу
1. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын шығыстардың санаты, әрбiр Санат бойынша Қарыздың бөлiнген сомасы және әрбiр Санат бойынша Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын шығыстардың проценттiк үлесi анықталады:
Санаты Қарыздың бөлiнген Қаржыландыруға жататын
сомасы (долларлық шығыстардың үлесi (%-
баламада) пен)
(1) Жұмыстар 70%
(а) Жобаның В
бөлiмi үшiн 10 420 000
(b) басқалар үшiн 25634 000
(2) Тауарлар 794 000 Шығыстардың 100%-і
шетел валютасымен,
100%-i жергілiктi
валютамен (экс-үстеме
шығыстар) және
жергілiктi жерде сатып
алынған басқа
тауарларға
шығыстардың 84%-i
жергiлiктi валютамен.
(3) бiр жолғы комиссиялық 403 900 Сомасы осы Келiсiмнiң
сыйақы 2.04-бөлiмiне сәйкес
анықталады
(4) Бөлiнбеген сома 3 138 100
Жиыны 40 390 000
2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн:
(а) "шетел валютасындағы шығыстар" терминi Қарыз алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарларға немесе қызметтерге Қарыз алушының елiн қоспағанда, кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi;
(b) "жергiлiктi валютадағы шығыстар" терминi Қарыз алушының валютасындағы немесе Қарыз алушының аумағынан әкелiнетiн тауарларға немесе қызметтерге жұмсалатын шығыстарды бiлдiредi;
3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қаражат:
(а) осы Келiсiмге қол қою күнiне дейiн жасалған шығыстар бойынша төлемдер есебiнен;
(b) ХСК құрылғанға және олар ұсынып отырған Ынтымақ су қоймасындағы шөгінділердi тазалау және зиянсыздандыру жөнiндегi бағдарлама бекiтілгенге дейiн Жобаның В бөлiгi бойынша (1) (а) Санатына сәйкес төлемдер есебiнен алынбайды.
4. Банк Қарыз шотынан қаражат әрбiр келiсiм-шарт үшiн (а) долларлық баламасы 250000 сомасына дейiн келiсiм-шарт бойынша тауарларға, (b) әрбiр келiсiм-шарт үшiн долларлық баламасы 500000 сомасына дейiн келiсiм-шарттар бойынша жұмыстарға шығыстарды төлеуге арналған шығыстар туралы есептердiң негiзiнде, осындай жағдайлары сәйкес Банк олар туралы Қарыз алушыға нақты хабарлай отырып алынуын сұрата алады.
2-Қосымша
Жобаны сипаттау
Жобаның мақсаты: (а) Нұраға жапсарлас жатқан аумақты сынаптан ластануды тазалай отырып, Нұра өзенiнiң алабында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту; (b) жергiлiктi су пайдаланушыларының өскелең мұқтажын қанағаттандыру үшiн сумен жабдықтаудың сенiмдi, қауiпсiз және тиiмдi баламалы көзiн қамтамасыз ету; (с) экологияны оңалту және су тасуларын реттеу мақсатында өзендегi су ағынын реттеудi қалпына келтiру болып табылады.
Мына мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қарыз алушы мен Банк олар туралы мезгiл-мезгiл уағдаласу арқылы мүмкiн болатын оған енгiзiлетiн өзгерiстер ескере отырып мынадай бөлiктерден тұратын Жоба:
А Бөлігі: Нұра өзенiнiң алабын сынаптан тазарту
Темiртаудағы бұрынғы Карбид АҚ зауытының аумағында және айналасында, сондай-ақ Нұра өзенi жағалауының бойына және жайылысына сынап жиналатын қатерлi аудандарындағы уланған участкелердi ойып алу.
(а) Қауiпсiз, модульдық көму орнын салу және оны пайдалану, ол үшiн ұзақ мерзiмдi мониторинг және ұстау бағдарламасын ұйымдастыру.
(b) Темiртаудағы уланған топырақты ойып алу және құрылыс қоқыстарынан арылу және оларды көму орнына апарып тастау.
(с) Жауыр батпағынан уланған материалдарды көму орнына апарып тастау.
(d) Нұра өзенiнiң түбiнен, жағалауынан және су тасқыны болған участкелерiнен уланған топырақты бөлiп алу және арылту.
(e) ҚарГРЭС тұндырғышынан уланған материалдарды көму орнына алып кету.
В Бөлігі: Ынтымақ су қоймасын қалпына келтiру
Ынтымақ су қоймасындағы дамбаны қалпына келтiру, реттелетiн қақпалар мен суағарды орнатуды аяқтау.
С Бөлігі: Нұра - Сарысу өзендeрi алыбы әкiмшiлігі үшiн мүмкiндік жасау
Мониторинг шеңберiнде судың ластануын бақылау жүйесiн және реттеу негiздерiн СРК жанындағы Нұра-Сарысу өзендерi алабы әкiмшiлiгiнiң институционалдық мүмкiндiктерiн жасау.
D Бөлігі: Жобаны басқару
Техникалық көмектi, оның ішінде аудиторлық қызметтердi, жобаны басқару үшiн ЖБТ-ны қамтамасыз ету.
Жоба 2009 жылғы 31 наурызда аяқталады деп ұйғарылып отыр.
3-Қосымша
Қарызды өтеу кестесі
Өтеу күнi Негізгі борышты төлеу
(доллармен)*
2008 жылғы 15 қазан 1 835 000
2009 жылғы 15 сәуiр 1 855 000
2009 жылғы 15 қазан 1 875 000
2010 жылғы 15 сәуiр 1 890 000
2010 жылғы 15 қазан 1 910 000
2011 жылғы 15 сәуiр 1 930 000
2011 жылғы 15 қазан 1 950 000
2012 жылғы 15 сәуiр 1 965 000
2012 жылғы 15 қазан 1 985 000
2013 жылғы 15 сәуiр 2 005 000
2013 жылғы 15 қазан 2 025 000
2014 жылғы 15 сәуiр 2 045 000
2014 жылғы 15 қазан 2 065 000
2015 жылғы 15 сәуiр 2 085 000
2015 жылғы 15 қазан 2 105 000
2016 жылғы 15 сәуiр 2 130 000
2016 жылғы 15 қазан 2 150 000
2017 жылғы 15 сәуiр 2 170 000
2017 жылғы 15 қазан 2 190 000
2018 жылғы 15 сәуiр 2 225 000
_____________________
* Осы бағандағы мағыналар [валютада енгiзуге] көрсетiлген және Жалпы шарттардың 4.04 (d) бөлiмiнде айтылған жағдайларды қоспағанда төленуге жатады.
4-Қосымша
Сатып алулар
1 Бөлім. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу
А Бөлігі: Жалпы ереже
Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк 1995 жылғы қаңтарда жарияланған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған "ҚҚДБ қарыздары және ХДА кредиттері бойынша сатып алулар. Нұсқауының" (Нұсқау) 1-бөлiмнің ережелерiне сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның 1-бөлiмiнiң мына ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
В Бөлiгi. Халықаралық конкурстық саудаластықтар
1. Егер осы Қосымшаның С Бөлiгiнде өзгеше көзделмесе тауарлар мен жұмыстарды сатып алу "Нұсқаудың" II Бөлiмiнiң ережелеріне және осы Келiсімге 1-қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес жасалған келiсім-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Мына ережелер осы В бөлiгiнiң 1-тармағының ережелерiне сәйкес берілетін келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін қолданылады.
(а) Алдын ала iріктеу
Саудаластықтың қатысушылары әрбiр келiсiм-шарт бойынша 10 000 000 долларға бара-бар және одан жоғары сомаға "Нұсқаудың" 2.9 және 2.10-тармақтарының ережелерiне сәйкес алдын ала iрiктеу жүргiзуi қажет.
(b) Отандық өндiрiстiң тауарларына арналған жеңiлдiктер
Қарыз алушының аумағында дайындалған тауарларға Нұсқаудың 2.54 және 2.55-тармақтарының ережелерi және оған 2-қосымша қолданылады.
(с) Хабарлама және жарнама
Алдын ала iрiктеуге немесе әрбiр келiсiм-шарт бойынша 10 000 000 доллар бара бар сомаға саудаластыққа шақыру туралы "Нұсқаудың" 2.8-тармағына сәйкес iрi келiсiм-шарттарға қолданылатын рәсiмдерге сәйкес жарияланатын болады.
С Бөлiгi: Басқа да сатып алу рәсiмдерi
Халықаралық саудаластықтар
Әрбір келісім-шарт бойынша 100 000 долларға кем сомаға тауарлар "Нұсқаудың" 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес халықаралық саудаластықтар рәсiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн келiсiм-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкін.
D Бөлiгi: Банктiң сатып алулар бойынша шешiмдердi қарауы
1. Сатып алуларды жоспарлау
Жоба бойынша ұсынылып отырған сатып алу жоспары саудаластықтарға қатысу үшiн алдын ала iрiктеуге шақырулар жiбергенге дейiн немесе Нұсқауға Қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес конкурстық ұсыныстар берілуiне қарай Банктiң қарауына және мақұлдауына ұсынылады. Барлық тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк мақұлдаған сатып алу жоспарына сәйкес және көрсетiлген 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жүргізiледi.
2. Алдын ала қарау
(а) Әрбiр келiсiм-шартқа қатысты: (i) 500 000 АҚШ доллары сомасына және жоғары құрылыс жұмыстарына және бiрiншi келiсiм-шартқа; (іі) ол бойынша осы Қосымшаның В Бөлiгi шеңберiнде сатып алулар жүргiзiлген 250 000 АҚШ доллары сомасына және жоғары тауарларға және бiрiншi келiсiм-шартқа Нұсқауға 1-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген рәсiмдер қолданылады.
(b) Осы Қосымшаның С Бөлiгi шеңберiнде алғашқы екi келiсiм-шартқа қатысты мынадай рәсiмдер қолданылады:
(i) сатып алу рәсiмдерiне сәйкес берушiнi iрiктегенге дейiн
Қарыз алушы Банкке алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалау
есебiн ұсынады;
(іі) сатып алу рәсiмдерiне сәйкес жасалған кез келген
келiсiм-шартты атқарғанға дейiн Қарыз алушы Банкке техникалық
сипаттамалар мен келiсiм-шарт жобасының көшiрмесiн ұсынады;
және
(iii) "Нұсқауға" 1-қосымшаның 2 (f), 2 (g) тармақтарында
көрсетiлген рәсiмдер қолданылады.
3. Кейiннен қарау
Жасасу осы Бөлiктiң 2-тармағына сәйкес жүргiзiлмеген әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Нұсқауға 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылады.
ІІ Бөлiм. Консультанттарды жалдау
А Бөлiгi: Жалпы ереже
Консультациялық қызметтердi сатып aлу "Дүниежүзiлiк банк Қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалға алуы" Нұсқауының I және IV Бөлiмдерiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады, оны Банк 1997 жылы қаңтарда жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда, оған 1-қосымшаның, оған 2-қосымшаның 1-тармағымен және осы Қосымшаның ІІ Бөлiмiнiң мына ережелерімен қайта қаралған.
В бөлiгi. Сапасы және құны негізінде іріктеу
1. Егер осы Бөлiмнiң С бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтердi сатып алу Консультанттар туралы Нұсқаудың II Бөлімiнiң ережелерiне және сапасы мен құны ескерiле отырып, бағалау негiзінде консультанттарды iрiктеудi қоса алғанда қолданылатын 3.13-тен 3.18-тармақтардың ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарттардың шеңберiнде жүзеге асырылады.
2. Алдағы тармақтың ережелерiне сәйкес берілген келiсiм-шарттар бойынша консультациялық қызметтердi сатып алуға келесi ережелер қолданылады. Бiр келісім-шарт үшiн сметалық құны 100 000 долларына (АҚШ) баламалы консультациялық қызметтердi қамтамасыз ету үшiн консультанттардың қысқаша тiзбесi Консультанттар туралы нұсқаудың 2.7-тармағына және 8-сілтемесiне сәйкес толығымен ұлттық консультанттардан тұруы мүмкiн.
С бөлiгi. Консультанттарды iріктеудің басқа тәртiбi
1. Ең аз құны негiзінде іріктеу
Бiр келiсiм-шарт үшiн сметалық құны 200 000 долларына (АҚШ) бара бар техникалық және қаржы аудитiн жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алу Консультанттар туралы нұсқаудың 3.1. және 3.6-тармағының ережелерiне сәйкес берiлген келісiм-шарттар бойынша жүзеге асырыла алады.
2. Жекe консультанттар
Консультанттар туралы нұсқаудың 5.1-тармағында санамаланған талаптарға жауап беретiн консультанттардың қызметтерi Консультанттар туралы нұсқауға қосымша 5.1-ден бастап 5.3-ке дейiнгi тармақтардың ережелерiне сәйкес жеке консультанттарға берiлген келiсiм-шарттар бойынша берiледi.
D бөлiгi: Банктің консультанттарды iріктеуді қарауы
1. Іріктеуді жоспарлау
Консультанттарға ұсыныстар дайындауға сұратулар жiбергенге дейiн Банктiң қарауына және мақұлдауына жобаның шығынын бағалауды, келiсiм-шарт бойынша пакеттi, қолданылатын өлшемдердi және iрiктеу рәсiмдерiн қамтитын Жоба үшiн консультанттарды iрiктеу жоспары беріледi. Консультанттардың барлық қызметтерiн iрiктеу Банк мақұлдаған iрiктеу жоспарына сәйкес (әлсiн-әлсiн жаңартылып отыратын) жүргiзiлуi тиiс.
2. Алдын ала қарау
(а) Консультациялық фирмалардың сметалық құны 100,000 АҚШ долларына баламалы және жоғары соманы құрайтын әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар туралы нұсқаудың 2, 3 және 5-тармақтарында айтылған тәртiп қолданылады.
(b) Жеке консультанттардың сметалық құны 500 000 АҚШ долларына баламалы және жоғары соманы құрайтын әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартқа қатысты Банкке алдын ала қаруына және мақұлдауына консультанттардың бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн, техникалық тапсырмасы мен жалдау шарттарын сипаттау берiледi. Келiсiм-шарт көрсетiлген мақұлдау алынғаннан кейiн ғана берiледi. Осындай келiсiм-шарттарға Консультанттар туралы нұсқауға 1-қосымшаның 3-тармағының ережелерi қолданылады.
(с) Консультациялық фирмалардың немесе жеке консультанттардың әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартына қатысты, келiсiм-шарттың құнына қарамастан, Банкке алдын ала қарауына және мақұлдауына техникалық тапсырма берiледi. Келiсiм-шарт тек көрсетiлген мақұлдау алынғаннан кейiн ғана берiледi.
3. Кейіннен қарастыру
Жасалуы осы Бөлiктiң 2-тармағымен реттелмеген әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар туралы нұсқауға 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған тәртiп қолданылады.
5-Қосымша
Iске асыру бағдарламасы
1. Қарыз алушы:
(а) өзiне тұрақты негiзде Жобаның орындалуын тұрақты негiзде бақылап отыруға және бағалауға және Банк үшiн қолайлы көрсеткiштерге сәйкес оның мақсаттарына қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн тиiстi саясат пен тәртіптi қамтамасыз етедi;
(b) Техникалық тапсырмаға сәйкес Банк үшiн қанағаттандырарлық есептi дайындайды және Банкке шамамен 2006 жылдың 30 маусымында бередi, онда көрсетiлген есеп күнiнiң алдындағы кезең үшiн жобаның мониторингi және жобаны iске асыру барысын бағалау жөнiндегi осы Бөлiмнiң (а) тармақшасына сәйкес орындалған қызметтiң нәтижелерi қорытындыланады және Жобаның тиiмді орындалуы мен осындай күннен кейiнгi кезеңде оның мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар санамаланады; және
(с) Банкпен бiрлесiп осы тармақтың (b) тармақшасында көрсетiлген есептi 2006 жылғы 30 қыркүйекке немесе Банктiң сұратуы бойынша неғұрлым кештеу күнге дейiн қарайды және содан кейiн Жобаның тиiмдi аяқталуын және көрсетілген есептiң қорытындылары мен ұсынымдарының және ол бойынша Банктiң пiкiрi негізiнде оның мақсаттарына қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету жөніндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Қарыз алушы ҚОБЖ уақытында орындау үшiн қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етедi.
6-Қосымша
Арнайы шот
1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн
(а) "заңды санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағының Кестесiнде көрсетiлген (1) және (2) санаттарды бiлдiредi;
(b) "заңды шығыстар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның шарттарына сәйкес заңды Санаттарға мерзiмдi бөлiнiп отыратын Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi ақылға сыйымды құны бойынша сатып алуға арналған шығыстарды бiлдiредi;
(с) "Бекiтілген қаржы бөлу" терминi, егер Банк, Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жиынтық сомасы долларлық баламы 5 000 000 тең болғанша немесе одан аспайынша Бекiтілген қаржы бөлу 250 000 АҚШ доллары сомасымен шектелетiн болған жағдайдан өзгеге келiспесе, осы Қосымшаның 3 (а) тармағына сәйкес Қарыз шотынан алынатын және Арнайы шотқа есептелетiн 500 000 АҚШ доллары сомасын бiлдiредi.
2. Арнайы шоттан қаражатты төлеу осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес заңды шығыстар үшiн ғана жүргiзiледi.
3. Банкке ол үшiн қолайлы Арнайы шот белгiленген тәртiппен ашылғандығын айғақтайтын мәліметтер берiлгеннен кейiн Бекiтiлген қаржы бөлудi алу және Арнайы шотты толықтыру мақсатында қаражатты кейiннен алу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
(а) Бекiтілген қаржы бөлудiң қаражатын алу үшiн Қарыз алушы Банкке Бекiтiлген қаржы бөлудiң жиынтық сомасынан аспайтын сомаға немесе сомаларға Арнайы шоттың депозитiне сұратуды немесе сұратуларды бередi. Осындай сұратудың немесе сұратулардың негізiнде Банк Қарыз алушының атынан Қарыз шотынан қаражат алуды жүргiзедi және оларды Қарыз алушы сұратқан сомада немесе сомаларда Арнайы шоттың депозитiне аударады.
(b) (i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Қарыз алушы Банк анықтайтын кезеңдiлiкпен Арнайы шотқа қаражат аудару үшiн Банкке сұратуларды ұсынады.
(іі) Қарыз алушы әрбiр осындай сұратуды алғанға дейiн немесе алғаннан кейiн төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осыған/осыларға сәйкес Арнайы шотта қаражатты толықтыру сұратылатын осы Қосымшаның 4-тармағымен көзделген құжаттаманы және өзге де куәлiктердi Банкке ұсынады. Әрбiр осындай сұратудың негiзiнде Банк Қарыз алушының атынан Қарыз шотынан қаражат алуды және Арнайы шотқа Қарыз алушы сұратқан мөлшерде оларды аударуды жүргiзедi, олардың негiздiлігі заңды шығыстарын төлеу үшiн Арнайы шоттан осы соманы алу туралы айғақтайтын аталған қаржылық және басқа да құжаттармен расталады. Банктiң Қарыз алу шотынан көрсетiлген депозиттердi алуы заңды санатының шеңберiнде және тиiстi балама сомалармен жүргiзiледi, ол ұсынылған қаржылық және басқа да құжаттармен расталады.
4. Банктiң көрсетiлген сұрату кезеңiнiң iшiнде Қарыз алушы Арнайы шоттан қарыз алушы жүргiзген әрбiр төлем бойынша Банкке мұндай төлеу тек қана заңды шығыстары үшiн жүзеге асырылғаны жөнiнде құжаттаманы және басқа куәлiктердi ұсынады.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк Арнайы шотқа одан арғы депозиттерге қатысты:
(а) егер Банк қандай да бiр сәтте қаражатты барлық одан әрi алуларды Жалпы ережелердiң V бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) тармағында көзделгеніндей тiкелей Қарыз алу шотынан Қарыз алушының жүзеге асырады деп белгілесе;
(b) eгep Банкке Қарыз алушы осы Қосымшаның 4.01 (b) (іі) бөлiмiнде аталған кезеңнiң iшiнде Арнайы шот бойынша шоттар мен есептілiк аудитiне қатысты көрсетілген Бөлiмге сәйкес Банкке ұсынылуы тиiс аудит туралы қандай да бiр есептердi ұсынбаса;
(с) егер қандай да бiр сәтте Жалпы ережелердiң 6.02-бөлiмiнiң қосымшаларына сәйкес Банк өзiнiң Қарыз алу шотынан Қарыз алушының қаражат алу құқығын iшiнара немесе толығымен тоқтату ниетi туралы Қарыз алушыны хабардар етсе;
(d) Жоба үшiн Жалпы ережелердiң 5.02-бөлiмiнiң қосымшаларына сәйкес Банк ұсынған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасын шегерiп заңды санаттарын қаржыландыруға арналған Қарыз қаражатының жалпы алынбаған сомасы Бекiтiлген қаражат бөлу сомасынан екi есе арттырып түссе сұрату қабылданбайды.
Заңды санаттарын қаржыландыруға арналған Қарыздың алынбаған сомаларының қалдығын Қарыз шотынан осы алғаннан кейiн Қарыз алушыға арнайы хабар беруде Банкпен келiсілген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай қаражатты одан әрi алу аталған хабарлама күнiне Арнайы шоттың депозитiнде қалған барлық сомаларды заңды шығыстары бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынын Банк куәландырғаннан кейiн Банк үшiн қолайлы көлемде жүргiзiлетiн болады.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттан (i) алынатын кез келген төлемдер шығыстарды жабу үшiн немесе осы Қосымшаның 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн сомада жасалатынын, немесе Банкке ұсынылған құжаттамамен негiзделмейтiнiн (іі) анықтаса, Қарыз алушы Банктiң (А) хабарламасын алысымен Банк сұрататын осындай қосымша растауды тез ұсынады; немесе (В) Арнайы шотқа осындай төлемнiң сомасына тең немесе жеткiлiктi расталған болып табылмайтын оның бөлiгiндегi немесе заңды төлемдерiнiң санатына енбейтiн соманы (немесе Банктiң сұрау салуы бойынша Банкке төлейдi) енгiзедi. Егер Банк өзгеге келiспесе, әрбiр нақты жағдайда осындай растауды Қарыз алушы ұсынбайынша немесе аталған жарнаны Арнайы шотқа өткiзбейiнше немесе қаражатты өтемейiнше, Банк Арнайы шотқа ешқандай қаражатты енгiзбейдi.
(b) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттағы кез келген өтелмеген сома заңды шығыстары бойынша одан әрi төлемдердi өтеу үшiн талап етiлмейтiнiн анықтаса, Қарыз алушы Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн iлешала осындай өтелмеген соманы Банкке төлейдi.
(с) Қарыз алушы Банктің хабарламасын алысымен Арнайы шоттағы депозитте бар қаражатты толығымен немесе iшiнара төлей алады.
(d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармағына сәйкес Банкке төленетін қаражат Жалпы ережелердi қоса алғанда осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес кейіннен алу немесе күшiн жою үшiн Қарыз алу шотына есептеледi.
РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі ағылшын тіліндегі мәтінді қараңыз.