Қазақстан Республикасы Президентiнiң Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Канцлерi Герхард Шредермен келiссөздер қорытындысы бойынша берген тапсырмасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Ганновер-2004 жәрмеңкесiне қатысуын және Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан экономикасының күндерiн (2004 жылғы 19-24 сәуiр) өткiзудi ұйымдастыру үшiн 83839761 (сексен үш миллион сегiз жүз отыз тоғыз мың жетi жүз алпыс бip) теңге бөлiнсiн.
2. Маңызды стратегиялық мәнi бар ретiнде Қазақстан Республикасының Ганновер-2004 жәрмеңкесiне қатысуын және Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан экономикасының күндерiн өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетудi берушi болып "Deutsсhе Messe AG" (Германия Федеративтiк Республикасы) герман көрме қоғамы белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі