Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы  N 733  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ  алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде:
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.";
      35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады