"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сапалы асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 312 қаулысымен бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге 2004 жылға арналған қаражат төлеу
Ережесі
1. Осы Ереже 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 108 "Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру" кiшi бағдарламасы бойынша 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге арналған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрамына кiретiн селекциялық-генетикалық орталықтарды субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Субсидия мынадай мақсаттарға арналған:
1) коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының құнын толық өтеу;
2) сатып алынатын арнайы технологиялық жабдықтардың (бұдан әрi - арнайы жабдық) құнын толық өтеу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстау жөнiндегi шығындарды өтеу.
3. Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Ауылшарминi) коллекциялық табындарды қалыптастыру үшiн ауыл шаруашылығы жануарларының саны aз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының сатып алынатын арнайы жабдықтарының тiзбесi мен санын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстаудың нормативтерiн бекiтедi.
4. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшiн:
1) Кәсiпорындар ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының арнайы жабдықтарының тiзбесi мен санына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсімін жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тиiстi арнайы жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарын жасасады;
2) Кәсiпорындар шарттар жасасқаннан кейiн 10 күн iшiнде, бiрақ 2004 жылғы 1 қыркүйектен кешiктiрмей, шарт түпнұсқасының бiр данасын Ауылшарминiне бередi.
5. Осы Ереженiң 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшін:
1) Кәсiпорындар заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсiмiн жүзеге асырады және мал азығын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады;
2) Кәсiпорындар Ауылшарминiне:
шарттар жасасқаннан кейiн 10 күн iшiнде, бiрақ 2004 жылғы 1 қыркүйектен кешiктiрмей, шарт түпнұсқасының бір данасын;
ай сайын 25-i күнiнен кешiктiрмей, ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын ұстау жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
6. Ауылшарминi ұсынылған құжаттардың заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес Кәсiпорындардың есеп айырысу шоттарына есептелген соманы аударады.
7. Кәсiпорындар жануарлар мен арнайы жабдықтарды сатып алғаннан кейiн субсидиялардың мақсатты пайдаланылғанын растауға 30 күннің iшiнде барлық төлем құжаттары мен кiрiс тауарлары актiлерiнiң көшiрмелерiн Ауылшарминiне бередi.
8. Ауылшарминi осы Ереженің 4 және 5-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына төлеуге шотты береді.