Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N 320 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 23-24, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесінде:
      7-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен шартқа (келісімге) сәйкес үкіметтік сыртқы заемның қаражаты бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылса, онда оның паспортында міндетті түрде жылдар бойынша бөле отырып үкіметтік заемның жалпы құны қосымша көрсетіледі.";
      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде Бюджет комиссиясы қарайды.
      Бюджет комиссиясы:
      негізінде бағдарлама іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруға байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін қарамайды.
      Мұндай жағдайда бюджеттiк бағдарламаның паспортына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшісі әзiрлейдi.";
      31-1-тармақта "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздерден кейiн "тиiстi жылға арналған бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      84-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 85-1-тармақпен толықтырылсын:
      "85-1. Мемлекеттiк мекемелердiң шығыстардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсімі мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуге шоттарын, ал үшінші және төртiншi топтар бойынша - 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеме ұсынатын Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiмдi және 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушылар алдындағы Міндеттемелерді тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты) (бұдан әрi - Өтінiм және Хабарлама (Тапсырыс) бекiтуге негiзделедi.
      Ерекше және өзге ағымдағы шығындарды жүзеге асыру, атқару құжаттарын орындау, сондай-ақ шығындарды жабуға заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға мақсатты ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға күрделі трансферттердi, өзге де күрделі трансферттердi мемлекеттiк мекемелер тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) берушілерге немесе үш миллион теңгеден асатын сомаға бюджет қаражатын алушыларға бөлу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттiк мекеменiң ақы төлеуге шотының негiзiнде 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Өтінiмдi және Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастырады";
      89-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк мекеменiң тиiстi берушімен немесе бюджет ақшасын алушымен шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес мынадай деректемелердi ескере отырып, берiлген рұқсаттар шегiнде жүзеге асырылады:";
      он бесiншi абзацта:
      "тауарлардың" деген сөзден кейiн "(жұмыстардың, қызметтердiң)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкіметтік сыртқы заем жөнiндегi шарт (келiсiм) шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөнiндегi шарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде мемлекеттiк мекеме мен тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушiнiң арасында жасалған Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асқан кезде Шарт бойынша мiндеттемелердiң сомасы мемлекеттiк мекемеге жыл сайын бөлiнетiн рұқсаттардың шегінде тиiстi қаржы жылдарына бөлiнеді.";
      91-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөнiндегi шарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде мемлекеттiк мекеме мен тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлер арасындағы Шарт бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасалса, онда мiндеттемелердi тiркеу ағымдағы қаржы жылына арналған Шарт шеңберiнде мiндеттемелердiң мөлшерiне сәйкес мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың шегiнде жүзеге асырылады.";
      үшінші абзацта "бюджеттік тағайындаулардың" деген сөздер "берiлген рұқсаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      95-тармақта:
      оныншы абзацта "бюджеттiң есебiнен" деген сөздердiң алдынан "үкiметтiк сыртқы заемның қаражатынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;";
      96-тармақтың бiрiншi абзацы ", тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнің немесе бюджет қаражатын алушының ЖБК" деген сөздермен толықтырылсын;";
      102-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға арналған мiндеттемелердi тiркеу кезiнде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органына 12-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өтінiмдi бередi.";
      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "103. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 12-6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органына ұсынатын Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмге сәйкес бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi.
      Мемлекеттiк мекеме Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгiзуге арналған өтiнiмдi толтырудың дұрыстығына жауап бередi.
      Бюджеттен түсетiн түсiмдердi салық төлеушiге қайтаруды жүзеге асыру кезiнде Берушіні (бюджет қаражатын алушыны) енгiзуге арналған өтінімді салық органы аумақтық қазынашылық органына береді.";
      109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "109. Мемлекеттiк мекеме осы Ереженiң 85-1-тармағында көзделген құжаттарды аумақтық қазынашылық органына берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық органы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша төрт данада тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауын, CTH-iн және ЖБК-сiн көрсете отырып Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырды.
      Барлық даналарға аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бiрiншi басшысы күнiн көрсете отырып қол қояды және мөрмен расталады. 12-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) төртiншi данасы және шарттың көшiрмесi аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi, үшiншi даналары 12-1, 12-2, 12-3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк мекемеге беріледі.
      110. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтер қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен расталады.
      Мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi және екiншi даналарын 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) тиiстi берушіге немесе бюджет қаражатын алушыға бередi.
      Егер Хабарламаның (Тапсырыстың) сомасы үш миллионнан асатын болса, онда Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi данасын 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруші немесе бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе оның банктік шоты ашылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бередi.
      Мемлекеттiк мекемелер ақы төлеуге шотты қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негізiнде ақшаны аудару жүзеге асырылатын құжаттың атауынан, нөмiрi мен күнiнен басқа, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi мен күнін, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкі" мәртебесiн көрсетедi.
      Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды түпкі беру (жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету) кезiнде мемлекеттік мекемеге бередi.";
      112-тармақта "мемлекеттiк мекемелердiң міндеттемелер және төлемдер" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердiң міндеттемелері және тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) түпкi төлеу кезiндегi төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      114-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ақы төлеуге ағымдағы шот - бұл алдын ала төлеудi қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердiң тиiстi мiндеттемесiн аралық төлеудi жүзеге асыру үшін қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.
      Ақы төлеуге түпкi шот - бұл мемлекеттiк мекеменiң тиiстi мiндеттемесiн түпкi төлеудi жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.".
      116-тармақта:
      алтыншы абзацта "бюджеттiң есебiнен" деген сөздердiң алдынан "үкiметтік сыртқы заемдардың қаражатынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетіншi абзацпен толықтырылсын:
      "2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;";
      отыз бесiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Төлемнiң тағайындауында міндетті түрде мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың және мемлекеттiк мекеменiң Хабарламасының (Тапсырысының) нөмiрлерi мен күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкi" түрінде ақы төлеуге шоттың мәртебесi көрсетiледi.";
      119-тармақта:
      бiрiншi абзацта "қабылданған" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұдан басқа, тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге) түпкі ақы төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органына 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын бередi.";
      129-тармақта:
      "және нөмірi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Түпкi" мәртебесi бар ақы төлеуге шот жүргiзу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. 12-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) бiр данасына аумақтық қазынашылық органының бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттік берген тұлға қол қояды, мөрмен расталады, орындалған және қазынашылық органдарында тiркелген мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн есепке алуды жүргізу үшiн мемлекеттiк мекемеге берiледi. 12-4-қосымшаға сәйкес Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасы аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртабанымен расталады және мемлекеттiк мекемелердiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшін аумақтық қазынашылық органында қалады.";
      297-тармақтың үшiншi абзацында "шегiнде" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заемның шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      302-тармақтың бiрiншi абзацы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      316-тармақтың екiншi абзацы "жоспардан тыс түсiмдердi" деген сөздерден кейiн ", республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражатты және мемлекет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн жеке меншiкке сатудан түскен қаражатты" деген сөздермен толықтырылсын;
      371-тармақта:
      1) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң "Шарттың атауы" деген жолында берушінің атауын, СТН-iн және ЖБК-сiн қосымша көрсету керек.";
      3) тармақшада:
      бiрiншi абзацта "шартты тiркеу туралы анықтаманы" деген сөздерден кейiн "(45-қосымша) (бұдан әрi - Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Анықтама (45-қосымша) төрт данада ресiмделедi. Анықтаманың (45-қосымша) барлық данасына аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оған бiрiншi басшы немесе ол уәкілеттiк берген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Анықтаманың (45-қосымша) төртiншi данасы Шарттың көшiрмесiмен бiрге аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi және үшiншi даналары мемлекеттiк мекемеге берiледi.";
      5) тармақшада "шартқа өзгерiстер енгізу туралы анықтама" деген сөздер "Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшаның бесiншi абзацында "шартты тiркеу туралы анықтама" деген сөздер "Анықтама (45-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақшада "шартты тiркеу және шартқа өзгерiстер енгізу туралы анықтамалардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Мемлекеттiк мекеме Анықтаманың (45-қосымша) үшіншi данасын өзiнде қалдырады, мiндеттемелердiң үшiншi және төртiншi топтары үшін Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi және екiншi даналарын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушiге немесе бюджет қаражатын алушыға бередi.
      Егер Анықтаманың (45-қосымша) сомасы үш миллион теңгеден асатын болса, онда Анықтаманың (45-қосымша) бiрiншi данасын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы оның банктiк шоты ашылған банкке бередi.
      Мемлекеттiк мекемелер төлем тапсырмасын қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негiзiнде ақшаны аудару жүзеге асырылатын құжаттың атауынан, нөмiрi мен күнiнен басқа, Анықтаманың нөмiрi мен күнiн, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкi" мәртебесiн көрсетедi.";
      11, 12-1, 12-2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 45-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
1-қосымша       

11-қосымша

Берiлген күні ____ ж. "___" __________
Мемлекеттiк мекеме __________________________        N ____ өтiнiм
Бюджет түрi        __________________________
Қаржыландыру көзі   1
                   __________________________

Міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім

Күні 20__ ж. "___" ________

____________________________________________________________________
  1. Мемлекеттiк   |    |Тауарларды  |Тауарлардың |    |      |
  мекеменiң атауы  |Беру|(жұмыстарды,|  (жұмыс.   |Саны|Бағасы|Сома.
                   |шi. |қызметтерді)|  тардың,   |    |      | сы
                   |нің | берушiнiң  | қызметтер. |    |      |
                   |коды|  (бюджет   |   дің)     |    |      |
                   |    | қаражатын  |  атауы     |    |      |
                   |    | алушының)  |            |    |      |
                   |    |атауы, СТН-і|            |    |      |
                   |    |және мекен- |            |    |      |
                   |    |жайы, берушi|            |    |      |
                   |    |  банктiң   |            |    |      |
                   |    | (бюджет    |            |    |      |
                   |    | қаражатын  |            |    |      |
                   |    | алушының)  |            |    |      |
                   |    |атауы және  |            |    |      |
                   |    |   БСК      |            |    |      |
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
Шығыстың сипатта.  |_______________________________________________
масы:              |_______________________________________________
Берушiнiң ЖСК:     |_______________________________________________
Бюджеттiк          |
сыныптаманың коды  | БАРЛЫҒЫ
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Басшылардың қолы   | 3. Төлемдер кестесі
____________________________________________________________________
ММ басшысының аты-жөні| негіздемелік- | өтiнiм % | төлеу | сомасы
______________________|    құжат      |          |  күні |
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
ММ қаржы тобы басшысы. _____________________________________________
ның аты-жөні           _____________________________________________
______________________ _____________________________________________
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
      М.О.             _____________________________________________
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
2-қосымша       

12-1-қосымша

N 4-02 нысан

Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (тапсырыс)

1-данасы
                                                              Күні
____________________________________________________________________
  N өтінім |  N мiндеттемелерді тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
____________________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________

____________________________________________________________________        Сипаттамасы      |  Саны     |    Бағасы   |    Сомасы

                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы
Мемлекеттiк мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.
Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы
_______________________________________________________
        Алдын ала төлем туралы ақпарат                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайды)                                               |
Мем. мекеме қаржы тобының басшысы                      |
_______________________________________________________|

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Берушiге нұсқаулық: тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы оның банктiк шотына ақшаны есепке алу кезiнде екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға беру үшiн
                                1-данасы - берушiге

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
3-қосымша       

12-2-қосымша

N 4-02 нысан

Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)

2-данасы                                                      Күні
____________________________________________________________________
 N өтiнiм  | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
____________________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________

____________________________________________________________________        Сипаттамасы      |  Саны     |    Бағасы   |    Сомасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы
Мемлекеттiк мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.
Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы
_______________________________________________________
        Алдын ала төлем туралы ақпарат                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайды)                                               |
Мем. мекеме қаржы тобының басшысы                      |
_______________________________________________________|

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Берушiге нұсқаулық: осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушінiң мемлекеттiк мекемеге бepуi үшiн, тауарды (жұмыстар мен қызметтердi) түпкi беру кезінде берушi немесе бюджет қаражаттың алушы осы Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес түпкi төлемдi жүзеге асыру үшiн екiншi данасымен бiрге оларды мемлекеттiк мекемеге беру күнiнен бастап отыз күн iшiнде тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) бepу туралы растайтын құжаттарды беруi тиіс.
                              2-данасы - берушiге

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
4-қосымша       

12-3-қосымша

N 4-02 нысан

Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)

3-данасы                                                      Күні
____________________________________________________________________
 N өтiнiм  | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
____________________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________

____________________________________________________________________        Сипаттамасы      |  Саны     |    Бағасы   |    Сомасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы
Мемлекеттiк мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.
Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы
_______________________________________________________
        Алдын ала төлем туралы ақпарат                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайды)                                               |
Мем. мекеме қаржы тобының басшысы                      |
_______________________________________________________|

____________________________________________________________________
                       Төлем туралы ақпарат
____________________________________________________________________
 N |Ақы төлеуге |Төлем күні | Төлемнің | Төлемнің  | Орындалмаған
   | шоттың N   |           |     N    |  сомасы   | міндеттемелер
   |            |           |          |           |    қалдығы
____________________________________________________________________

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Мемлекеттiк мекемеге нұсқаулық: осы Мiндеттемелерді тiркеу туралы хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес төлемдi жүзеге асыру үшiн үшiншi данасын қазынашылық органдары ондағы мiндеттемелердi тіркеу үшін және "түпкі" мәртебесi бар ақы төлеуге шотты жүргiзу кезiнде қалыптастырады және мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк eceптi жүргізуi үшiн қолданады.

                                 3-данасы - мемлекеттік мекемеге

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
5-қосымша       

12-4-қосымша

N 4-02 нысан

Міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)

4-данасы                                                      Күні
____________________________________________________________________
 N өтiнiм  | N мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)
____________________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________

____________________________________________________________________        Сипаттамасы      |  Саны     |    Бағасы   |    Сомасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы
Мемлекеттiк мекеменің коды
Бюджеттік сыныптаманың коды
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.
Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы
_______________________________________________________
        Алдын ала төлем туралы ақпарат                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX.XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайды)                                               |
Мем. мекеме қаржы тобының басшысы                      |
_______________________________________________________|

____________________________________________________________________
                       Төлем туралы ақпарат
____________________________________________________________________
 N |Ақы төлеуге |Төлем күні | Төлемнің | Төлемнің  | Орындалмаған
   | шоттың N   |           |     N    |  сомасы   | міндеттемелер
   |            |           |          |           |    қалдығы
____________________________________________________________________

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Қазынашылық органына нұсқаулық: осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерiн тіркеудi растау үшiн төртiншi данасын мiндеттемелердi тіркеу кезiнде және "түпкi" мәртебесi бар ақы төлеуге шотты жүргізу кезiнде қазынашылық органдары қалыптастырады және бiр жұмыс күнiнiң ішiнде олар өңдейтiн құжаттарды тiркеу кезiнде қолданылады

                             4-данасы Қазынашылық органында қалады

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
6-қосымша       

12-5-қосымша

                                               N _______ нысан

Мемлекеттiк мекеме ________________
Бюджет түрі        ________________
Қаржыландыру көзі   2
                   ________________

Міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім
Күні 20__ж. "___" ________

___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  1. Мемлекеттiк   |    |Тауарларды  |Тауарлардың |    |      |
  мекеменiң атауы  |Беру|(жұмыстарды,| (жұмыстар. |Саны|Бағасы|Сома.
                   |шi. |қызметтерді)|дың, қызмет.|    |      | сы
                   |нің |берушінің   |  тердің)   |    |      |
                   |коды|   атауы,   |  атауы     |    |      |
                   |    | СТН-і және |            |    |      |
                   |    | мекен-жайы,|            |    |      |
                   |    |   берушi   |            |    |      |
                   |    |  банктiң   |            |    |      |
                   |    | (бюджет    |            |    |      |
                   |    | қаражатын  |            |    |      |
                   |    | алушының)  |            |    |      |
                   |    | атауы және |            |    |      |
                   |    |   БСК      |            |    |      |
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
Шығыстың сипатта.  |_______________________________________________
масы:              |_______________________________________________
Берушiнiң ЖСК:     |_______________________________________________
___________________________________________________________________
Бюджеттiк   |      |
сыныптаманың|      | БАРЛЫҒЫ
 коды       |      |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Басшылардың қолы   | 3. Төлемдер кестесі
____________________________________________________________________
ММ басшысының аты-жөні| негіздемелік- | өтiнiм % | төлеу | сомасы
______________________|    құжат      |          |  күні |
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
ММ қаржы тобы басшысы. _____________________________________________
ның аты-жөні           _____________________________________________
______________________ _____________________________________________
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
      М.О.             _____________________________________________
4. Келісілген ________
               (қолы)
ҚР ҚМ жауапты
басшысының аты-жөні
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
7-қосымша       

12-6-қосымша

N ____берушіні (бюджет қаражатын алушыны)
енгізуге арналған өтінім

      А. Беруші (бюджет қаражатын алушы) туралы жалпы ақпарат:
____________________________________________________________________
1.   Берушінің (бюджет қаражатын  |
     алушының) атауы              |
                                  |
2.   СТН                          |
                                  |
3.   Берушінің (бюджет қаражатын  |
     алушының) бөлiмшелерi        |
                                  |
4.   Елі                          |
                                  |
5.   Респуб. маңызы бар облыс/қала|
                                  |
6.   Аудан/қала                   |
                                  |
7.   Мекен-жайы                   |
____________________________________________________________________

      В. Берушінің (бюджет қаражатын алушының) банктік шоты туралы ақпарат:
____________________________________________________________________
1.   Банктің атауы               |
                                 |
2.   Банк БСК                    |
                                 |
3.   Банк бөлімшесiнiң атауы     |
                                 |
4.   Банк бөлiмшесiнің БСК       |
                                 |
5.   Берушiнiң (бюджет қаражатын |
     алушының) ЖСК               |
____________________________________________________________________

Pecпуб. маңызы бар облыс/қала ________ Аудан ________________
Обл. коды ________                     Аудан коды ____________
Жiберiлдi:                             Алынды:
ММ атауы ____________________          Күнi 20__ж. "__" ________
Күнi 20___ж "___" ________
                                       Жауапты орындаушы: ________
ММ басшысы:___________________
            (аты-жөнi, қолы)

M.O.

                           С. Орындалуы
____________________________________________________________________
         _         _
        |_|       |_|                 Орындалды:
Бекiтiлдi    Бекiтілген жоқ          Күнi 20_ж. "___" ________
Басшының қолы _____________          Жауапты орындаушы: __________
____________________________________________________________________

Берушінің (бюджет қаражат алушының) бiрегей нөмiрi берілді _________
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 320 қаулысына    
8-қосымша       

45-қосымша

_________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)

Шартты тiркеу туралы анықтама N ____

____ ж. "____" ______

___________________________________________________________________
              (мемлекеттік мекеменiң атауы мен коды)

Мiндеттеменi тiркеуге арналған өтiнiм N ____
Шарттың нөмiрi ____________________
Шарттың атауы _____________________
Шарттың сомасы ____________________ теңге
Ағымдағы жылғы сомасы _____________ теңге
Берушiнiң деректемелерi ___________________________________________
                  (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушінің 
               (бюджет қаражатын алушының) СТН-і және ЖСК-сі, атауы)

___________________________________________________________________
 Р/с|Мiндеттеменiң |Мiндеттеменiң | Бюджеттік   | Мiндеттеменiң
  N |  мерзiмi     |   нөмiрi     |сыныптаманың |     сомасы
    |              |              |    коды     |
___________________________________________________________________
  1 |     2        |      3       |      4      |       5
___________________________________________________________________

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

                                    1, 2 даналары - берушіге
                                    3 - мемлекеттiк мекемеге
                                    4 - қазынашылық органында қалады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады