2004 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 328 қаулысы

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2004 жылға арналған көлемдері:

      мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:

      2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге - 600000 (алты жүз мың) тонна мөлшерінде;

      2004 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсан кезеңіне - 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде;

      мемлекеттік жемдік астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;

      мемлекеттік тұқым ресурстары 85000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;

      мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.

      2. 2004 жылы пайдалану көлемі:

      мемлекеттік жемдік астық ресурстары 1 000 (бір мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;

      мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 85 000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.08.23 N 888 қаулысымен .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады