Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына
өзгерiстер енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекітетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнің лауазымдар тiзбесiнде:
мынадай:
"Облыстар, Астана және Әдiлет Әдiлет Әкiмшiлiк
Алматы қалалары әдiлет министрi министрi Басшысымен"
басқармаларының бастықтары,
облыстар, Астана қаласы,
Алматы қаласы және Алматы
облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетi басқармаларының
бастықтары, Әдiлет
министрлiгi "Сот
сараптамасы орталығы"
мемлекеттік мекемесiнiң
директоры
деген жолдың 1-бағанында "әдiлет басқармаларының" деген сөздер "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен орталық және жергiлiкті мемлекеттік органдарының өзге басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібi туралы ережеде:
4-тармақтың төртiнші абзацында "әдiлет басқармалары" деген сөздер "әдiлет департаменттерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi