Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 наурыздағы N 370 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 965 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 285-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiнде:
      кiрiспесi мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Шығындарды өтеу:
      мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша;
      мемлекеттiк мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi.
      Мемлекеттiк медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi.";
      1-тармақта:
      екiншi, үшiншi, төртіншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы.";
      3-тармақтағы үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      7-тармақтағы төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады.
      Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады.
      Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады