1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда Мәскеу қаласында жасалған Хаттаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге Хаттаманы іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 637а қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдары" деген сөздер "Центральная" геологиялық құрылымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы") геологиялық құрылымының көмірсутекті ресурстарын барлау және әзірлеу жөніндегі уәкілетті ұйым болып тағайындалсын.";
2-тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "уәкілетті ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресей тарапын Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы") геологиялық құрылымын бірлесіп игеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ауыстырылғаны туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі