Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 403 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2004 жылғы 30 наурыздағы N 1326  Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының  13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуiр маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшiлiгін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртіппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерiн тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады