Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 417 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 8, 84-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарлама паспорты" деген 1-бөлiмде:
      "Қаржыландыру көздерi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2003-2005 жылдары қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5844,3 млн. теңге жiберу жоспарланып отыр, оның iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге, 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005 жылы - 11 млн. теңге. Бұл ретте жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады".
      "Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi" деген 4-бөлiмде:
      "Экономикалық мiндеттер" деген бөлiмшесi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсету тарифтерiн қайта теңдестiру кезiнде әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға қолдау көрсету";
      "Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiктерi" деген 5-бөлiмде:
      6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлемнiң тарифi көтерiлген кезде өтемақы төлеу";
      "Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны iске асыру үшiн байланыс операторларының меншiктi қаражаты мен қарыз қаражаты, отандық және шетелдiк инвесторлардың қарыздары мен кредиттерi, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн (телекоммуникациялардың шығынды қызмет көрсетулерiн субсидиялаудың (дотациялаудың) мүмкiн болар нұсқасы ретiнде) қаражат, гранттар және заңнамада тыйым салынбаған басқа да қаржылық қаражат тартылатын болады. 2003-2005 жылдары қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5844,3 млн. теңге жiберу жоспарланып отыр, оның iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге, 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005 жылы - 11 млн. теңге. Бұл ретте жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады";
      "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1.7.-жолдағы, 5-бағандағы "2003 жылғы IV тоқсан" деген сөздер "2004 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 2.4., 2.5., 4.1., 4.3., 4.5., 4.6., 4.8., және 4.9.-жолдардағы, 4-бағандағы "ККМ" және "МБА" деген аббревиатуралар тиiсiнше "АБА" және "ТМРА (келiсiм бойынша)" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 1.9.-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 1.10.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1.10. Телекоммуникациялар  Бұйрық  АБА  2003 жылғы 2,2  Республика-
       саласындағы                       IV тоқсан       лық бюджет
       техникалық                        2004 жылғы 14,9 қаражаты
       пайдалану ережесiне               IV тоқсан
       өзгерiстер мен                    2005 жылғы 3,26*
       толықтырулар енгiзу               IV тоқсан               ";

      4-бағандағы "ККМ" деген аббревиатура "АБА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "2,2* жыл сайын" деген сөздер "14,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.1-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтер көрсетуiнiң тiзбесiн әзiрлеу";
      3-бағандағы "Бұйрық" деген сөз "Үкiмет қаулысының жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "2003 жылғы II тоқсан" деген сөздер "2004 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.3.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3. Телекоммуникацияның   Бұйрық   АБА,   2004 жылғы   Талап
      әмбебап қызмет                 ТМРА   II тоқсан   етiлмейдi
      көрсетуiн қамтамасыз          (келiсiм
      ететiн байланыс               бойынша)
      операторларын таңдау
      жөнiндегi конкурстық
      құжаттарды әзiрлеу
      және бекiту

      реттік нөмірі 2.6.-жолда:
      4-бағандағы "ККМ, МБА" деген аббревиатуралар "АБА, TMPA (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "2,2*" деген сандар "3,74*" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрлерi 2.7. және 2.8.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"2.7. Телекоммуникация.  Үкіметке  АБА  2004 жылғы 2511,962  Респуб.
      ның әмбебап        ақпарат        IV тоқсан            ликалық
      қызмет көрсету.                                        бюджет
      лерін ұсыну                                            қара.
      жөніндегі ауыл.                                        жаты
      дық байланыс
      операторларының
      шығынына өтемақыны
      қамтамасыз ету                                              ;
2.8.  Қалалық телекомму.  Үкіметке  АБА  2004 жылғы  958,865 Респуб.
      никация желілерін   ақпарат        IV тоқсан           ликалық
      абоненттері болып                                      бюджет
      табылатын әлеумет.                                     қара.
      тік қорғалатын                                         жаты
      азаматтарға телефон
      үшін абоненттік
      төлем тарифінің
      көтерілуіне өтем.
      ақыға облыстық
      бюджеттерге,
      Астана және Алматы
      қалаларының бюджет.
      теріне мақсатты
      трансферттерді
      көздеу                                                     ";

      реттік нөмiрi 3.3.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. Телекоммуникацияның  Үкімет    ТМРА     2004 жылғы  Талап
      әмбебап қызмет       қаулы.  (келісім   IІ тоқсан  етілмейді
      көрсетуінің тариф.   сының    бойынша),
      терін қайта теңдес.  жобасы    АБА
      тіру жоспарын
      бекіту                                                      ";

      peттік нөмiрi 3.4.-жолдағы, 4-бағандағы "МБА, ККМ" деген аббревиатуралар "TMPA (келiсiм бойынша), АБА" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 4.1.-жолдағы 6-бағандағы "2,2*" деген сандар *4,0*" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 4.3.-жолда:
      2-бағандағы "Қазақтелеком" ААҚ-ның" деген сөздерден кейін ",  оның шығындарын өтеумен бiрге" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-бағандағы "Талап етiлмейді" деген сөздер "2299,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-баған "Республикалық бюджет қаражаты" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмiрлерi 4.4., 4.7., 4.10., 4.11., 4.12., 5.2., 6.2., 6.3, 6.4., 7.2. және 7.3.-жолдардағы "ККМ" деген аббревиатура "АБА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірi 4.5.-жолдағы, 2-бағандағы "операторларының" деген сөз "телекоммуникация желілерімен өзара iс-қимыл жасайтындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 4.8.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4.8. Телекоммуникацияның    Бұйрық   АБА   2004 жылғы   Талап
      әмбебап қызмет көр.                   ІІ тоқсан   етілмейді
      сетулерiнiң тариф.
      терiн қайта теңдес.
      тiру жоспарымен
      байланыстырылған
      Қазақстан Респуб.
      ликасының телеком.
      муникация желiлерiнде
      жергiлiктi телефон
      қосылымдарының
      құнын уақыт бойынша
      есептеу жүйесiн
      енгiзудiң нақтылан.
      ған Жоспар-кестесiн
      әзiрлеу                                                    ";

      реттiк нөмiрлерi 5.1. және 5.4.-жолдардағы, 5-бағандағы "2003 жылғы IV тоқсан" және "2003 жылғы III тоқсан" деген сөздер "2004 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 5.5.-жолда:
      4-бағандағы "ККМ, ҚорМ, ҰҚК (келiсiм бойынша)" деген сөздер "ҚорМ, ҰҚК (келiсiм бойынша), АБА" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "2003 жылғы IV тоқсан" деген сөздер "2004 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "2,2" деген сандар "Талап етiлмейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "Республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 5.6.-жолдағы, 4-бағандағы "МАКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 7.1.-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрлерi 7.2. және 7.3.-жолдарда:
      6-бағандағы "2,2* жыл сайын" деген сөздер "Талап етiлмейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "Республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады