"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 420 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 2 ақпандағы
N 201 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

       Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "2003" деген сандар "2004" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен мақұлданған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      тақырыбындағы және "2. Экономикалық құқық бұзушылықтардың құрылымы" деген бөлімінің сегізінші абзацындағы "2003" деген сандар "2004" деген сандармен ауыстырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады