"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 426 қаулысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын iске асыру үшiн тартылатын қарыз қаражатын қайтару және оған қызмет көрсетудi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ жарғылық капиталы ақшамен емес, мүлікпен қалыптастырылған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының бiрден бiр акционерi Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттігiне 2001 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi арасындағы және 2002 жылғы 5 ақпандағы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы мен "Marubeni Еurоре РLC", "ВNР Paribas", "HSBC Bank Kazakhstan" жабық акционерлiк қоғамы арасындағы Кредиттік келiсiмдер шеңберiнде тек Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын қаржыландыруға ғана бағытталған шетелдiк валютадағы қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына беру ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады