Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Халықаралық электротехникалық комиссияға (бұдан әрi - ХЭК) енуi туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi ХЭК-та Қазақстан Республикасы атынан Ұлттық электротехникалық комитет ретiнде қатыссын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша Халықаралық электротехникалық комиссияның Орталық бюросына XЭК-тың мүшесi мәртебесiн алу туралы өтiнiш жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі