Астананың ақпараттық, бiлiм беру, мәдени-ағарту инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемеci (бұдан әpi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне көзделетiн қаражаттың есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130
қаулысымен
.