"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны және "Advanced Тесhnоlоgу s.r.o" компаниясы (Прага қаласы, Чех Республикасы) арасындағы 2003 жылғы 9 қаңтарда жасасқан N 01-6/02 шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына концентраттағы радиоактивтi емес осмий-187 изотопының 660 (алты жүз алпыс) грамының (СЭҚ TH коды 7110410000) экспортына рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына "Advanced Тесhnоlоgу s.r.o" компаниясы шығарған аккредитивке сәйкес осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген осмий-187 изотопының экспортына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген осмий-187 изотопын кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі