Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) <*>
3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына :
көрсетілген қаулыға 197-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Peспубликасының
Премьер-Mинистрі