Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 505 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 930 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 930 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 262-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзбесi мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
      "27. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкiмдерi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады