Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 және 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 мамырдағы N 522 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 781 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28  N 781  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға арналған сомалар мөлшерiнде бiр жолғы төлемдермен тапсырыс бepушiгe бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы  N 110  қаулысымен. 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады