1. 2004 жылғы 1 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы
үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi
Тараптар мемлекеттерi өзара достық қарым-қатынастарын одан әрi нығайтуға деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
Тараптардың халықаралық үкiметтiк байланысты сақтауға және дамытуға мүдделiлiктерiн ескере отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы жасалған екi жақты келiсiм-шарттарды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушы болып табылатын көп жақты халықаралық келiсiм-шарттарды басшылыққа ала отырып,
өзара сенiмдi нығайтуға деген ұмтылысты негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"Құзыреттi ұйымдар" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Әзiрбайжан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк министрлiгi;
"үкiметтiк байланыс" - мемлекеттiк басқару қажеттерiне арналған арнайы байланыс;
"халықаралық үкiметтiк байланыс" - Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасында ақпарат алмасуға арналған үкiметтiк байланыс жүйесi;
"шифрлеу құралдары" - ақпаратты өңдеу, сақтау және байланыс арналары арқылы беру кезiнде оны қорғау, сонымен бiрге рұқсатсыз енуден, жалған ақпаратты танудан, негiзгi құжаттарды дайындау құралдарын, қол шифрлерiн, шартты белгiленген құжаттарды қорғау үшiн арналған ақпаратты өзгертушi криптографиялық алгоритмдердi iске асырушы аппараттық, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық құралдар.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасында жасырын ақпарат алмасуға арналған тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыра алады.
Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру, техникалық пайдалану және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу барысында Тараптардың бiрдей құқықтары бар.
Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру, техникалық пайдалану, оның қауiпсiздiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерiн Құзыреттi ұйымдар шешедi.
Бiр Тарап мемлекетiнiң жоғары лауазымды адамдары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында уақытша болуы кезiнде олар үшiн үкiметтiк байланыс Құзыреттi ұйымдар келiскен көлемде және тәртіпте берiледі.
Байланыс арналары мен абоненттiк желiлердiң, оларға қажеттi үкiметтiк байланыс құралдарының монтажын қоса алғандағы ұйымдастырылуы мүдделi Тарап есебiнен iске асырылады.
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Тарап мемлекетiнің лауазымды адамдары үшін үкiметтiк байланысты өз мемлекетінің аумағындағы қолданыстағы заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес өзара уағдаластық бойынша береді.
Үкіметтік байланысты бергені үшін ақы төлеуді мүдделі Тараптың Құзыретті ұйымы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы халықаралық үкіметтік байланысты құру, іске қосу, техникалық пайдалану және одан әрі жетілдіру бойынша шығындарды әрбір мемлекеттің аумағы шегінде Тараптардың әрқайсысы дербес төлейді.
Tapaптap өз Құзыреттi ұйымдарына:
Құзыреттi ұйымдар келiскен жеке құжаттармен айқындалған тәртiпке сәйкес халықаралық үкiметтiк байланыс үшiн байланыстың жаңа жүйелерi мен байланыс құралдарын әзiрлеу және өндiру саласында ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді;
үкiметтiк байланыс құралдарын өндiру саласында өзара iс-қимыл жасауды;
ақпаратты криптографиялық қорғау және техникалық арналар арқылы сыртқа таралудан қорғау саласындағы мәселелердi шешу бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
Құзыреттi ұйымдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруды;
екiншi Тараптың тиiстi кәсiпорындарында өзара келiсiлген шарттарда, өздерiнiң өкiлдерi арқылы шифрлеушi құралдарды, арнайы байланыс техникасын, құралдарын, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi жасауға және жеткiзiп беруге, сондай-ақ кепiлдi пайдалануды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруды тапсырады.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажеттi шифрлеу құралдарын, арнайы байланыс техникасы мен құралдарын, жинақтаушы бұйымдарды және қосалқы бөлшектердi Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы заңнамасына және экспортқа бақылау жасау рәсiмiне сәйкес әрi тараптардың халықаралық мiндеттемелерiн сақтай отырып, келiсілген көлемде өзара жеткiзiп берудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында шифрлеу құралдарын, байланыс техникасы мен құралдарын, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi өзара жеткiзiп беру, сондай-ақ жөндеудi ұйымдастыру мен арнаулы мақсаттағы қызмет көрсетуді ұсыну Құзыреттi ұйымдар арасында жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптар өз Құзыреттi ұйымдарына осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi шешу мақсатында келiссөздер жүргiзуге yәкiлеттiк бередi.
Құзыреттi ұйымдардың осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi iске асыру бойынша өзара iс-қимылы кезiнде жұмыс тiлi - орыс тiлi болып табылады.
Тараптар өзара келiскен ретте осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және 13-бапқа сәйкес күшiне енетін осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзе алады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар арқылы шешеді.
Осы келiсiмнiң ережелерi Тараптардың, Тараптар мемлекеттер қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық келiсiм-шарттардан туындайтын Тараптардың мiндеттемелерiне тимейдi және басқа мемлекеттердің мүдделеріне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталмаған.
Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк шараларды орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы тиiстi кезеңнiң аяқталуына кемiнде алты ай қалғанға дейiн екiншi Тарапты өзiнiң осы Келiсiмнің күшiн тоқтату ниетi туралы хабардар етпесе, келесi бес жыл мерзiмге өздiгiнен ұзартылады. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың Келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
Астана қаласында 2004 жылдың 1 наурызы әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiннiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Әзiрбайжан Республикасы
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн