Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 531 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қызылорда облысы "Ақшабұлақ - Қызылорда" магистралдық газ құбырының құрылысы үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беруші болып "ҚАЗХИММОНТАЖ ХОЛДИНГ" ашық акционерлік қоғамы белгіленсін.

      2. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады