Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 533 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасында Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрi Тараптар деп аталады),
      Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы зиянкестердiң пайда болуы мен таралуының алдын алуға кепiлдiк беру осы реттелетiн объектiлердi алмасу және олардың таралуы кезiнде тиiмдi бақылау мен өсiмдiктердiң карантинi мен оларды қорғау саласындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмде мынадай терминдер қолданылады:
      (а) өсімдiк - тірі өсiмдiктер және тұқымы мен тұқымдық плазманы қоса, олардың бөлiктерi;
      (b) өсiмдiк өнiмдерi - өсiмдiк тектi (дәндi қоса алғанда), қайта өңделмеген материал және қайта өңделген, өзiнiң табиғаты жағынан немесе өңдеу сипаты жағынан зиянкестердiң пайда болу немесе таралу қаупiн төндiруi мүмкiн өнiмдер;
      (с) фитосанитарлық бақылау - өсiмдiктерде, өсiмдiк өнiмдерiнде және көлiк құралдарында карантиндiк зиянкестердiң бар немесе жоқ екендiгiн тексеру мақсатында қолданылатын iс-әрекет;
      (d) зиянкестер - өсiмдiктердің, жануардың немесе өсiмдiктерге немесе өсімдік өнімдеріне зиян келтіретін патогендердің кез келген түрлері, алуан түрлiлерi және биотиптері;
      (e) карантиндiк зиянкестер - аумақтың экономикасына ықпалды қаупi бар және осылайша қатер төндiретiн, бірақ әзiрге жоқ немесе бар, бiрақ кеңiнен таралмаған және ресми бақылауда тұрған зиянкестер;
      (f) pеттелетiн карантиндiк емес өсімдіктерді - отырғызуға арналған өсiмдiктерде болуы осы өсімдіктерді пайдалану жөнiндегi ниеттерге зиянын тигiзетiн, сондықтан да тиiмдiлiгi экономикалық жағынан қолдануға болмайтын және осыған орай импорттаушы-тарап аумағында реттелетiн объект болып табылатын карантиндiк емес зиянкестер;
      (g) реттелетiн объектiлер - зиянкестердiң пайда болу немесе таралу ошағына айналуы мүмкiн және фитосанитарлық шаралар, атап айтқанда, халықаралық тасымалдар кезiнде, қолдануға жататын кез келген өсiмдiк және өсiмдiк өнiмi, сақталатын орны, буып-түю материалы, көлiк құралы, контейнер, топырақ немесе кез келген басқа организм, объект немесе материал.

  2-бап

      1. Тараптар өсімдіктердің карантин және оларды қорғау саласындағы екі жақты ынтымақтастықты қолдайды, орындайды және дамытады.
      2. Осы Келісім шеңберінде Тараптардың ынтымақтастығы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

  3-бап

      Осы Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі тараптар мемлекеттерінің уәкілетті орындары мыналар болып табылады:
      - Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      - Қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қытай Халық Республикасының Сапаны, инспекцияны және карантинді қадағалау мемлекеттік бас басқармасы.
      Тараптар мемлекеттерiнiң жоғарыда аталған уәкiлетті органдарының атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бiрiн-бiрi дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етеді.

  4-бап

      Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына карантиндiк зиянкестердiң немесе реттелетiн карантиндiк емес зиянкестердiң әкелiнуiнiң алдын алу жөнiндегi барлық шараларды қолданады.

  5-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына зиян келтiретiн карантиндiк зиянкестердiң бар немесе жоқ екендiгiн анықтау мақсатында реттелетiн объектiлердi өндiрiс, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау процесiнде тексерудi жүргiзедi.

  6-бап

      Бiр Тараптың аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына экспортталатын, барлық реттелетiн объектiлер:
      (а) басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына экспортталатын реттелетiн объектiлер Тараптар мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес келуге тиiс. Екiншi Тараптың аумағына экспортталатын реттелетiн объектiлер қатаң карантиндiк тексеруден өткiзiлуге және бұл партиясында екiншi Тарап бiлгiсi келiп отырған карантиндiк зиянкестер мен реттелетiн карантиндік емес зиянкестер жоқ екендiгін растау үшiн экспорттаушы-Тарап берген ресми фитосанитарлық сертификат олармен бiрге жiберiлуге тиiс. Фитосанитарлық сертификат ағылшын тiлiнде және экспорттаушы-Тараптың ресми тiлiнде жазылуға тиiс;
      (b) тараптар зиянкестермен бүлiнуi мүмкiн сабанды, жапырақтарды және басқа да өсiмдiк материалдарын буып-түю материалы және ыдыстарды қомдайтын және оларға төсейтiн материал ретiнде пайдаланбайды. Солай бола тұрса да, қағаз бен синтетикалық материалдарды пайдалануға рұқсат етiлген. Көлiк құралдары, бума мен ыдысты қомдайтын және оларға төсейтiн материалдар тиiстi фитосанитарлық өңдеуден өткiзiлуге тиiс;
      (с) топырақ экспортталатын тауарлармен бiрге екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына экспортталмауға және әкелiнбеуге тиiс.

  7-бап

      Тараптар екiншi Тараптың мемлекетiнен импортталатын реттелетiн объектiлерге карантиндiк және реттелетiн карантиндiк емес зиянкестердiң алдын алу және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес тексеру жүргiзетiн болады. Әрбiр Тараптың табылған залалданған объектiлердi карантиндiк өңдеуден өткiзуге құқығы бар.

  8-бап

      Карантиндiк бақылауға, фитосанитарлық сертификат алуға және карантиндiк рұқсатқа байланысты шығыстарды Тараптардың мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүктiң иелерi жабады.

  9-бап

      Әрбiр Тарап Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келетiн карантиндiк зиянкестер немесе кез келген басқа нәрселер табылған кезде бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге тиіс.

  10-бап

      Екінші Тараптың ұлттық экономикасына қатер төндіретін зиянкестердiң пайда болуының, атап айтқанда, карантиндік зиянкестердің пайда болуының алдын алу мақсатында, Тараптардың:
      - өсiмдiктердiң және өсiмдiк өнiмдерiнiң импортына шектеу белгiлеуге немесе қосымша шаралар қолдануға;
      - өсiмдiктердiң және өсiмдiк өнiмдерiнiң импортына тыйым салуға құқығы бар.

  11-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында карантиндік зиянкестер мен реттелетін карантиндік емес зиянкестердің енуін болдырмау мақсатында реттелетін объектiлер карантині үшін жауапкершiлiк жүктейтiн шекаралық бекеттерді белгілейді.

  12-бап

      1. Тараптар өсімдіктердің карантин және оларды қорғау жөніндегі қолданылып жүрген заңдар мен ережелер бойынша, әсіресе карантиндік зиянкестердің Тізбесі өзгерген кезде ақпараттар алмасады.
      2. Тараптар өсімдіктердің карантин және оларды қорғау жөніндегі өз сарапшылары арасында өзара іс-қимыл негізінде техникалық алмасуды қолдайды.
      3. Тараптар карантиндік зиянкестердің пайда болуы және таралуы туралы және өсiмдiктердi қорғау жөніндегi ахуал туралы бiрін-бiрi хабардар етедi, өсiмдiктердiң карантині және оларды қорғау саласында техникалық ынтымақтастықты дамытады және осы негiзде алынған қандай да бiр нәтижелердi немесе ақпаратты екiншi Тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермейдi.

  13-бап

      Тараптар өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi мәселелердi және осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға байланысты мәселелердi талқылау үшiн қажеттiлiгiне орай кеңес өткiзедi. Кеңес өткiзу жөнiндегi күндi, орынды, оның күн тәртiбін және өткiзу жөнiндегi шығыстарды Тараптар консультациялар арқылы анықтайды.

  14-бап

      Тараптар екi мемлекет арасындағы сауданы дамыту мақсатында Экспорттаушы-тарап мемлекетiнiң аумағында реттелетiн объектiлер бойынша Импорттаушы-тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес фитосанитарлық бақылау жүргiзедi. Фитосанитарлық бақылаудың орнын, рәсiмiн, шарттарын, жағдайын және уақытын уәкiлеттi органдар консультациялар арқылы белгiлейдi.

  15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және/немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және/немесе өзара консультациялар жолымен шешедi.
      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.

  16-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан немесе олардың халықаралық ұйымдарға мүшелiгiнен туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал жасамайды.

  17-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптармен мемлекетішiлiк процедуралардың орындалуы туралы соңғы күннен бастап жазбаша хабарламаны алғаннан кейiн күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бiреуi Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы оның кезектi қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа хабардар етпесе, Келiсiм келесi бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.
      Бұл жағдайда осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты айдан кейiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

      2004 жылғы _________________ қаласында қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

       _________________________       ___________________________
      Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады