Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгінің ғимаратын (бұдан әрi - Ғимарат) Бішкек қаласы, Мир даңғылы, Оңтүстiк Батыс ауданы (жер учаскесінің сәйкестендіру нөмiрi: 1-01-11-0059-0176) мекен-жайы бойынша жобалау және салу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ғимаратты жобалау және салу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi "Элит билдинг групп" жауапкершілігі шектеулi қоғамы жеткiзуші болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерін орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектілерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Ғимаратты жобалау мен салуды 122459868 (бір жүз жиырма екі миллион төрт жүз елу тоғыз мың сегiз жүз алпыс сегiз) теңге сомасы шегiнде қаржыландыруды;
осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі