Қазақстан Республикасының меншігіне Итальян Республикасында жер учаскесін сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 мамырдағы N 555 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейіннен онда Қазақстан Республикасының Итальян Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік ғимаратын және Қазақстан Республикасының Итальян Республикасындағы Елшісі резиденциясының ғимаратын салу үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Рим қаласы, Кассий көшесі, 471 мекен-жайы бойынша орналасқан алаңы 84775 шаршы метр жер учаскесін (бұдан әрі - жер учаскесі) сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жер учаскесін сатып алуға арналған шығынға ақы төлеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақы төленетін күнге белгілеген бағам бойынша 6450000 (алты миллион төрт жүз елу мың) еуроға баламалы сомада қаражат бөлсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады