"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 568 қаулысы

      033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын инвестициялық жобаны iске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталын жарияланған жай акциялардың санын номиналдық құны 500 (бec жүз) теңге 15800000 (он бес миллион сегiз жүз мың) данаға ұлғайту жолымен 7900000000 (жетi миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасына ұлғайтуды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 033 "Амангелдi газ кен орындары топтарын игеру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын инвестициялық жобаны 2003 жылғы 31 желтоқсаннан бастап iске асыру барысында туындаған Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығын тәуелсiз бағалаушы жүргiзген бағалау актiсiне сәйкес 7900000000 (жетi миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасында Қоғамның шығарылған акцияларына ақы төлеу ретiнде енгізсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады