Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 619 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары мен тестiлеу ұлттық орталығының ақпараттық жүйесiн кеңейту және алып жүру үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар 2004 жылға 69127100 (алпыс тоғыз миллион жүз жиырма жетi мың бiр жүз) теңге сомада қызметтер көрсетудi берушi болып "ASTEL" ашық акционерлiк қоғамы белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақтауын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады