Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 620 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.01. N 490 қаулысымен.

      Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi жұмысты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 4 маусымдағы 
N 620 қаулысына    
қосымша        

Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қасымжомарт Кемелұлы        министрi, төраға

Жошыбаев                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпіл Сейiтханұлы           министрiнің орынбасары, төрағаның
                            орынбасары

Өтембаев                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерiк Мылтықбайұлы           министрлiгiнiң Ерекше тапсырмалар
                            жөнiндегi елшiсi, Қазақстан
                            Республикасының Каспий теңiзiнiң
                            құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi
                            келiссөздердегi өкiлi, төрағаның
                            орынбасары

Аманжолова                - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Зүльфия Алтайқызы           министрлігі Халықаралық-құқық
                            департаментiнiң директоры, хатшы

      Комиссия мүшелерi:

Iзмұқамбетов              - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы     және минералдық ресурстар бiрiншi
                            вице-министрi

Поспелов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич          министрiнiң орынбасары

Берқалиев                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Құсайын Иманғалиұлы         қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi
                            директорының бiрiншi орынбасары - Бас
                            штаб бастығы (келiсiм бойынша)

Жампейiсов                - Қазақстан Республикасының Жер
Амангелдi Cүйімбайұлы       ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгі
                            төрағасының орынбасары

Коваль                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Игорь Александрович         шаруашылығы министрлiгi Орман және
                            аңшылық шаруашылығы комитетi
                            төрағасының бiрiншi орынбасары

Брагин                    - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич       қорғау министрлiгi Нормативтiк-құқықтық
                            қамтамасыз ету және халықаралық
                            ынтымақтастық департаментінің
                            директоры

Абдiлманов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмаз Кәкiмтайұлы           министрлiгінiң Штабтар бастықтары
                            комитетi Жедел жоспарлау департаментiнiң
                            бастығы

Уандықов                  - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Берiк Құсманұлы             коммуникация министрлiгi Су көлiгi
                            департаментiнің директоры

Әзiмова                   - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Эльвира Әбiлқасымқызы       министрлiгi Заңға тәуелдi кесiмдер
                            департаментiнің директоры

Құлыбаев                  - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Тимур Асқарұлы              акционерлiк қоғамының бiрiншi
                            вице-президентi

Қабылдин                  - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Қайыргелдi Мақсұтұлы        акционерлiк қоғамы көлiктiк инфрақұрылым
                            және сервис жобалары жөнiндегi басқарушы
                            директоры

Денякин                   - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Александр Викторович        акционерлiк қоғамының Жаңа жобаларды
                            дамыту департаментiнiң директоры

Әбілғазин                 - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы          коммуникация вице-министрi

Бекжанов                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы            ортаны қорғау вице-министрi

Хасенов                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы         шаруашылығы вице-министрi

Ромашов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Юрий Төлегенұлы             шаруашылығы министрлiгiнiң Балық
                            шаруашылығы комитетi төрағасының
                            орынбасары

Кеншiмов                  - Қазақстан Республикасы Ауыл
Әмiрхан Қадырбекұлы         шаруашылығы министрлiгiнiң Су
                            ресурстары комитетi төрағасының
                            орынбасары

Исаев                     - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мұсабек                     минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
                            өнеркәсiбi департаментiнің директоры
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.20. N  1054 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 4 маусымдағы 
N 620 қаулысына    
қосымша        

  Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi бойынша келiссөздерде Каспий теңiзiнiң құқықтық режимiн белгілеуге, Қазақстан Республикасының көзқарастарын жүйелеуге және бiрыңғай ұстанымын әзiрлеуге байланысты мәселелер жөнiндегі негізгi бағыттарды жасау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ұйымдарының өкiлдерiнен қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi

      3. Комиссияның мақсаты Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенция жобасын әзiрлеген кезде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн белгілеу жөнiндегi ұсыныстар мен келiсiлген ұстанымды әзiрлеу болып табылады.

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн, Каспий өңiрi экологиялық жүйесiнiң ахуалын негiзге ала отырып және халықаралық келiсiмдер шеңберiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық мiндеттемелердi ескере отырып, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенция жобасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Каспий теңiзiнiң құқықтық режимiнiң мәселелерi жөнiндегi келiссөздер процестерiнде Қазақстан Республикасының бiрыңғай ұстанымын дайындау үшiн салалық бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзiнiң құзыретi шегiнде өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде:
      заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктер мен ұйымдардан қажеттi материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
      Қазақстан Республикасының Каспий теңiзiндегi қызметiне байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, жоғары оқу орындарын тартуға;
      Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге құқылы.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады, төраға оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруда жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын Комиссия төрағасының орынбасарлары атқарады.

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжiлiстерiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды әзiрлейдi және мәжiлiстер өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. Комиссияның хатшысы Комиссияның толық құқықты мүшесi болып табылады.

      9. Комиссияның мәжiлiстерi қажеттілiгіне қарай өткiзiледi.

      10. Комиссияның жоспардан тыс мәжiлiсiн Комиссияның қарауына шығарылатын, ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның төрағасы, ал ол болмаған уақытта Комиссия төрағасының орынбасарлары шақырады.

      11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссияның шешiмiне мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерi қол қояды және шешiмнiң ұсыныстық сипаты болады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр айтуға құқығы бар, ондай жағдайда пiкiр білдiру жазбаша түрде баяндалып, хаттамаға тiркелуi тиiс.

      12. Мәжiлiстердiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы белгiлейдi және нақтылайды. Комиссия өзiнiң қызметi туралы есеп беру ақпаратын Қазақстан Республикасының Yкiметiне жарты жылда кемiнде бiр рет бередi.

  5. Комиссия қызметiн тоқтату

      13. Комиссияның қызметiн тоқтату үшiн:
      Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
      Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның немесе өзге Комиссияның құрылуы;
      Комиссияның мiндеттерiн орындау мүмкiн болмайтын немесе оларды орындау орынсыз болатын өзге де мән-жайлар негiз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады