Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 630 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын:

Ахметов               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Даниал Кенжетайұлы      төраға

Дунаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi,
Арман Ғалиасқарұлы      төрағаның орынбасары

Жәмiшев               - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Болат Бидахметұлы       және қаржы ұйымдарын peттеу мен қадағалау
                        жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның
                        орынбасары (келiсiм бойынша)

Өзбеков               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмұхамедұлы      вице-министрi, хатшы

Орынбаев              - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы       Әкiмшiлiгі басшысының орынбасары -
                        экономикалық саясат басқармасының
                        бастығы (келiсiм бойынша)

Келiмбетов            - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы         және бюджеттiк жоспарлау министрi

Сәйденов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Әнуар Ғалимоллаұлы      Төрағасы (келiсiм бойынша)

Асанов                - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы         вице-министрi

Ысқақов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Марлен Нұрахметұлы      министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы

Марченко Григорий     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Александрович           көмекшiсi (келiсiм бойынша)

       Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.08.20. N 872  қаулысымен .

      2. Комиссия 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және Үкіметке енгiзсiн.

      3. Комиссияға қажет болған кезде Комиссияның қызметіне қатысу үшiн Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттiк органдарының мамандарын тарту құқығы берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады