Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын peттeу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкілдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат):
1-тармақта:
Әлеуметтiк серіктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына:
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бiрғаным Сарықызы Министрiнiң орынбасары, төрайым
Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия
Андрей Иванович және сауда вице-министрi
енгiзiлсiн;
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi" деген жолдағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;
Марченко Григорий Александрович, Андрющенко Александр Иванович көрсетiлген құрамнан шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы бағалауды жүргiзу және оны азайту бойынша шаралар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 5-ө өкiмiне:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы бағалауды жүргiзу және оны азайту бойынша шаралар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының құрамында:
"Келiмбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi, жетекшiнiң орынбасары" деген жолдағы "жетекшiнiң орынбасары" деген сөздер "жетекшi" деген сөзбен ауыстырылсын;
Ыбырайымов Рүстем Әнуарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Марченко Григорий Александрович, Наймушина Ольга Вадимовна көрсетiлген құрамнан шығарылсын;
2-тармақтағы "1 наурызға" деген сөздер "1 шiлдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі