Маңызды стратегиялық мәні бар қызметттер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 636 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2004-2005 жылдарға арналған ішкі саясат саласындағы процестерге іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуын;
      қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады