Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 651 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 48, 484-құжат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      үшiншi абзацта:
      "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Ақпарат министрлiгi, Мәдениет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қаржыландыру көздерi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қаржыландыру көздерi       Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға
                            арналған болжамды шығыстар 2288,966 млн.
                            теңгенi құрайды, оның iшiнде
                            республикалық бюджет қаражаты есебiнен
                            - 1036,295 млн. теңге (2003 жылы -
                            564,0 млн. теңге, 2004 жылы - 472,295
                            млн. теңге), жергiлiктi бюджеттердің
                            қаражаты есебiнен - 1252,671 млн. теңге
                            (2003 жылы - 597,66 млн. теңге, 2004
                            жылы - 655,011 млн. теңге)";

      "Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету" деген 6-бөлiмде:
      екiншi абзацта: "2324,393", "1071,722", "507,722", "655,11" деген сандар тиiсiнше "2288,966", "1036,295", "472,295", "655,011" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      "Орындалуына (iске асырылуына) жауаптылар" деген 4-бағанда:
      реттiк нөмiрi 10-жолда "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 19, 29, 30, 31-жолдарда "MAКM" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 30, 33, 36, 43, 50, 51, 52, 60, 61, 68, 69, 70, 71, 77, 81, 85-жолдарда "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 75-жолда:
      2-бағандағы "бас прокурорлары үйлестiру кеңесiнiң," деген сөздерден кейiн "Салықтық тергеу органдары үйлестiру кеңесiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-баған "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 76, 82-жолдарда 4-баған "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      "Болжанып отырған шығыстар, (млн. теңге) 2004 жыл" деген 6-бағанда реттiк нөмiрi 31-жолда "1,793" деген сандар алынып тасталсын;
      "Болжанып отырған шығыстар (млн. теңге) 2004 жыл" деген 6-бағанда:
      peттік нөмiрi 55-жолда "20,0" деген сандар "20,649" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 56-жолда "20,0" деген сандар "19,415" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 57-жолда "40,0" деген сандар "23,655" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 58-жолда "400,0" деген сандар "327,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 60-жолда "25,0" деген сандар "80,647" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Барлығы" деген жолда "1162,733" деген сандар "1127,306" деген сандармен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджет бойынша" деген жолда "507,722**" деген сандар "472,295" деген сандармен ауыстырылсын;
      Ескертуде:
      "MAКM - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгi
      Мәдениетминi - Мәдениет министрлiгi";
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады