Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 653 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      1) 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының теңгерiмiнен берiлген жалпы білiм беру оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қаражат бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы бекiткен нысан бойынша жасалған әскери тасымалдар жөнiндегi оның шығындарын өтеу жөнiндегi кредиторлық берешек тiзiлiмiнiң негiзiнде 024 "Мемлекетаралық әскери тасымалдар жөнiндегi өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда көзделген қаражат шегiнде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының алдындағы кредиторлық берешектi өтесiн. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының есеп шотына қаражат аудару үшiн "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiктердің, дебиторлық берешектi толығымен жазып есептi қаржы жылының бухгалтерлiк теңгерiмi мен айналым теңгерiмiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны көрсеткен мемлекетаралық әскери тасымалдар жөнiндегi қызметтер көрсетуiнiң құнын тексеру актiлерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық әскери тасымалдарды жүзеге асыруды растайтын "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi арасындағы салыстыру актiлерiнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар шығындарын өтеу жөнiндегi кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн жасасын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады