Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 661 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.15. N 1082 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік органдардың тексерулер жүргiзу ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Адам саны 10-нан аспайтын Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексеруi мүмкiн.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеруді уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi.";
      9-тармақтағы "30" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң аумағына немесе үй-жайына кiру үшiн қажет болса, арнайы рұқсаттарды;";
      16-тармақ алынып тасталсын;
      19-тармақтағы "осы Ереженің 3-тармағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Түпнұсқа бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қою мен алуға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда олар жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретiнде не қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде рұқсат етіледi.";
      24-тармақ:
      "шаралар" деген сөзден кейiн "және мерзiмдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi актiнiң қандай ережелерiмен өздерiнiң келiспейтiндiгiн актіде көрсетуге құқылы.";
      25-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "25. Тексерулер аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк бақылаушы органдардың қызметкерлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушілердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзушiнiң лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қояды.";

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады