Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 663 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 ( (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
      тақырыбында, кiрiспесiнде және 1, 2-тармақтарда "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта "Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қаржы министрлiгінiң, Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3, 4-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
      тақырыбында және мәтiнiнде "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың екiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың соңғы абзацының алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды.";
      8-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақтағы "министрлiгi" деген сөз "министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
      2, 3, 4-тармақтарда "(сырадан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта "министрлiгi" деген сөз "министрлiгiнiң Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
      "Сусындарды өндiру кезiнде
      пайдаланылатын жұпар иістi
      заттардың негiзiндегi
      өнімдерден басқа, құрамдас
      спирттiк шала өнiмдер                          2106 90 200 0"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Уытты сыра                                    2203 00".

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады