Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 671 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Көлiк кешенiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитеті туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Көліктік бақылау комитетi және оның аумақтық органдары осы Ережеде белгіленген шекте әрекет ететiн көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiн құрады.";
      11-тармақта:
      3) тармақша "бақылаудан" деген сөзден кейiн "және қадағалаудан" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшадағы "әскери теңiз жалауымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерінің және шекара қызметiнің теңiз бөлiмдерінің жалауымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақшадағы "қатысуды" деген сөз "бақылауды, қадағалауды және қатысуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) және 5-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) бөлiнбейтін ірі көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемдi және ауыр салмақты жүктердің автомобильмен тасымалын жүзеге асыруды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шаралар қабылдау;
      5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшілік ұстауды, көлiк құралын шағын өлшемдi кеменi ұстауды жүзеге асыруға, тұлғаның жеке басына тексерiс және заттарына тексерiс жүргізуге, көлiк құралдарына, шағын өлшемдi кемелерге тексеріс жүргiзуге;
      5-2) мыналарды:
      құқық бұзушылық жасалған жерде не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектілерi болып табылатын жеке адамның өзiндегi құжаттар мен заттарды;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлікке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды тауарларды, өзге де мүлікті, заттарды алып қоюды жүзеге асыруға;
      5-3) жүргізушілердi, кеме жүргiзушілердi көлiк құралын, шағын өлшемдi кеменi басқарудан шеттетуге және оларды мастық күйiне медициналық куәландыруға жіберуге;
      5-4) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлі аумақтарға, жайларға, тауарларға, өзге де мүлiкке, сондай-ақ құжаттарға тексеру жүргізуге;
      5-5) өз құзыретi шегiнде әкiмшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болып табылған заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуға;";
      16) тармақша "бұзғаны үшiн" деген сөздерден кейiн "сот шешiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтағы "техникалық құралдары" деген сөздер "техникалық құралдарын, арнаулы су көлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады