Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал жүгерiнiң аталық нысандары тұқымдарын қайта өндеу және сақтау жөнiндегi зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 672 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал жүгерiнiң аталық нысандары тұқымдарын қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қызметiнiң бейiнi сақталуын негiзгi шарты етiп белгiлеп, "Көктал жүгерiнiң аталық нысандары тұқымдарын қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мүліктік кешенiн тендер арқылы сатуды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады