Қазақстан Республикасы Yкiметінің резервiнен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 680 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн жасаудың эскиздік жобасын әзiрлеудi және оның сараптамасын жүргiзудi қаржыландыруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берiлетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 1610000 (бip миллион алты жүз он мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.
 

      2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "М.В.Хруничев атындағы мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк унитарлық кәсіпорны (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Ангара" ғарыштық зымыран кешенi базасында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесiн және эскиздiк жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды беруші болып белгiленсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ Заңның 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады