Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оның құрамынан шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттiк автомобиль жолдары торабын және басқа инфрақұрылым объектiлерiн дамыту, атап айтқанда: құрылыс, қайта жаңарту, күрделi және iшiнара жөндеу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары C.M. Мыңбаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі