Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 сәуiрдегi N 376 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 693 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 сәуiрдегi N 376 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның қаражаты есебiнен Техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
      4  Астана қаласында 500 төсекке арналған
         Республикалық ана мен бала ғылыми
         орталығын салу                             54 000";
      "Жиыны" деген жолда "110850" деген сандар "164850" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады