Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 376 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының  19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қоса беріліп отырған Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2004 жылғы 1 сәуірдегі   
N 376 қаулысымен     
бекітілген     

004 "Республикалық инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және
сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен Техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тізбесi

________________________________________________________________
Р/с|       Жобаның атауы                |Техникалық-экономикалық
N |                                    |негіздемелерін әзірлеу
   |                                    |және оларға мемлекеттік
   |                                    |сараптама жүргізуді
   |                                    |қаржыландыру көлемі
   |                                    |     (мың теңге)
________________________________________________________________
1                2                                3
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
                  министрлігі
________________________________________________________________
1  "Байқоңыр" ғарыш айлағында
   "Бәйтерек" зымыран-ғарыш                  23 850
   кешенін құру

2  Көкшетау қаласы арқылы Астана -            2 250
   Петропавл автомобиль жолының
   ұзақтығы 223 км (7-230) "Астана -
   Бурабай" учаскесін қайта жаңарту
   (төрт жолақты қозғалысы бар І
   техникалық санатқа көшіру)
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
              ресурстар министрлігі
________________________________________________________________
3  "Курчатов қаласында Ядролық
   технологиялар орталығы"                   49 000
   технопаркін құру
________________________________________________________________
4  Ядролық медицина және биофизика           38 000
   орталығын құру
________________________________________________________________
   Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
________________________________________________________________
5  Астана қаласында 500 төсекке арналған
   Республикалық ана мен бала ғылыми
   орталығын салу                            36 713

6  Қазақстан Республикасының Туберкулез       1 500
   проблемалары ұлттық орталығының жанында
   Ұлттық референц зертханасын салу

7  Астана қаласында 220 төсекке арналған     24 000
   Республикалық нейрохирургия ғылыми
   орталығын салу

8  Астана қаласында ауысымда 500 адам         9 000
   қабылдайтын диагностикалық орталық салу
________________________________________________________________
       Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
________________________________________________________________
9  Астана қаласында ішкі әскерлердің тұрғын   9 880
   үйі бар үлгілік әскери қалашығын салу

10 Қазақстан Республикасының Ішкі істер       1 320
   министрлігі арнайы мақсаттағы
   бөлімшелерінің әскери және әдістемелік
   даярлығы оқу орталығын салу
________________________________________________________________
   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
________________________________________________________________
11 Алматы қаласында көру қабілеті бұзылған    5 000
   (зағип) балалар үшін 250 орынға арналған
   мамандандырылған мектеп-интернат салу
   (қайта жаңғырту)

12 Қарағанды қаласында көру қабілеті          5 000
   бұзылған (зағип) балалар үшін 250 орынға
   арналған мамандандырылған мектеп-интернат
   салу

13 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық       11 500
   университеті үшін кітапхана салу
________________________________________________________________
    Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
                           министрлігі
________________________________________________________________
14 Жерасты суларының авиациялық керосинмен    2 500
   ластануын жою (Семей қаласы)
________________________________________________________________
  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________________________________________
15 Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық    3 677
   ресурстарының ұлттық қоймасын салу

16 Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм        35 000
   алқабының ІІІ және ІV кезегін игеру

17 Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден           345
   кейінгі қолдау

18 Қазақстанның ауыл шаруашылығы                345
   өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
   арттыру
________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
                    жоспарлау министрлігі
________________________________________________________________
19 Алматы қаласында халықаралық қаржы        26 410
   орталығын құру
________________________________________________________________
   Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
________________________________________________________________
20 Министрліктер үйін салу                   10 000
________________________________________________________________

               Жиыны:                       295 290

       Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.23. N 693   қаулысымен .
       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.09.28. N 990   қаулысымен .
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады