Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 707 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгі құралдар тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-1, 38-2 және 38-3-жолдармен толықтырылсын:
"38-1  Карточкаларды оқитын құрылғылары (карт-
       ридерлерi) бар төлем карточкаларын
       пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге
       асыру үшiн пайдаланылатын
       микрокомпьютерлер*                       8471 30 000 0-ден
38-2   Импринтер - сату/сервис нүктелерiнде
       төлем карточкаларын қабылдауға
       арналған механикалық құрылғы; төлем
       карточкаларын дербестендiруге арналған
       құрылғылар; эмбоссер - төлем
       карточкасына ақпаратты таңбалап басу
       түрiнде енгізуге арналған құрылғылар*    8472 20 000 0-ден
38-3   Электронды депозитарлық машиналар -
       төлем карточкаларын пайдалана отырып,
       ұстаушылардың шотына депозиттер
       қабылдайтын құрылғылар;
       кэш-диспенсерлер; банкоматтар*           8472 90 800 0-ден".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады