Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2004 жылғы 1 шілдеден 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештік отынды қоспағанда, дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.