Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1283 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 726 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1283  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
      1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) Комиссия мүшелерiне, мамандарға және сарапшыларға тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша шетелдегi іссапар шығыстарына шетелдiк валютада қаражат бөлу туралы шешiмдер қабылдасын;
      4) қажет болған кезде жедел тәртiппен Комиссия құрамына тиiстi өзгерiстер енгізсін";
      7-тармақтағы "Мемлекеттiк кiрiс министрлігiнiң Кеден комитеті" деген сөздер "Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясының құрамы";
      көрсетiлген Үкiметтiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы          Премьер-Министрi, төраға

Сүнтаев                   - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Тiлеген Иматұлы             бақылау агенттігі төрағасының орынбасары

Селiханов                 - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Дүйсембай Мағзұмұлы         орынбасары

Байғожин                  - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Марат Имашұлы

Төлеубаев                 - Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары
Темiржан Төлеубайұлы

Пiстаев                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Марат Құрманәлiұлы          министрлiгі Көшi-қон полициясы
                            департаментiнiң бастығы

Нарымбетов                - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Ербол Қабдолхамитұлы        бақылау агенттігі Кедендiк бақылауды
                            ұйымдастыру департаментінiң басқарма
                            бастығының орынбасары

Сырымбет                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Жангелдi Жеңiсұлы           министрлігінiң Халықаралық құқық
                            департаментi мемлекеттiк шекара
                            бөлiмiнiң атташесi

Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Талғат Қуантқанұлы          министрлiгінiң Халықаралық құқық
                            департаментi мемлекеттiк шекара
                            бөлiмiнiң атташесi

Орынбасаров               - Қазақстан Республикасының Жер
Төлеп Қиялбайұлы            ресурстарын басқару жөнiндегі агенттігі
                            Атырау облыстық комитетiнiң төрағасы;

      мына:

"Oттo                     - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович               вице-министрi"

      деген жолдағы "вице-министрi" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мына:

"Әбiнаев                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Шыңғыс Ысмағұлұлы           министрлігі Халықаралық құқық
                            департаментi Мемлекеттiк шекара және
                            халықаралық құқық проблемалары
                            басқармасы мемлекеттiк шекара бөлiмiнiң
                            екiншi хатшысы"

      деген жолдағы "екiншi хатшысы" деген сөздер "үшiншi хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Ақшанов Болат Қасымұлы, Нүкенов Маратқали Ордабайұлы, Швайченко Юрий Петрович, Есжанов Қайрат Қыдырбайұлы, Омаров Тобылбек Есенжолұлы, Жмыхов Анатолий Александрович, Есжанов Арман Есiмғалиұлы, Сүюбаев Алмат Сағынтайұлы, Ақпаров Марат Нұрпейiсұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады