БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) шеңберiнде жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 шілдедегі N 740 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
 

      1. БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) шеңберiнде жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсарту жөнiндегі өзара түсiнiстік туралы меморандумға қол қоюға келiсiм берiлсiн.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) шеңберiнде жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсарту жөніндегі өзара түсiнiстiк туралы меморандум

      БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) шеңберiнде БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) Хатшылығының және Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік комиссиялардың (АТМЭӘК) қолдауымен, СПЕКА-ны қолдаушы мемлекеттердiң көмегiмен, СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттердiң көлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдары (бұдан әрi - Тараптар),
      барлық СПЕКА-ға мүше елдердiң арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге тілек білдiре отырып, өңiрдiң экономикалық дамуы үшiн қажеттi тасымалдарды және сауданы, 1998 жылғы 26 наурыздағы Орталық Азияның экономикаларына арналған БҰҰ-ның Арнайы Бағдарламасы (СПЕКА) туралы Ташкент Декларациясына сәйкес дамытуға ықпал ету мақсатында (бұдан әрi - 1998 жылғы 26 наурыздағы Ташкент Декларациясы),
      Орталық Азияда халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырудың тиiстi инфрақұрылымның, шекаралардан өту рәсiмдерiнiң осалдығына ғана емес, сондай-ақ институционалдық, құқықтық және экономикалық кедергілерге байланысты кемшіліктерiнiң барын мойындай отырып,
      осындай ортақ проблемаларды шешу өңiрлiк ынтымақтастық шеңберiндегi жаңа және перспективалы тәсiлдердi талап ететiнiн басып айта отырып,
      жасасқан және қабылданған тиісті халықаралық келiсiмдер мен декларациялардан туындаған өз міндеттемелерiн мойындай отырып,
      көлiк, әсiресе жер үстi көлігі және қоршаған ортаны қорғау саласында, БҰҰ-ның және басқа да тиiстi халықаралық және өңiрлiк форумдар мен келiсiмдер шеңберiнде қабылданған шешiмдер мен құқықтық ережелерге сәйкес болуы не қажет болған жағдайда оларды ескеру туралы өзiнiң ниетiн бiлдiре отырып,
      өңiрде автомобиль көлiгi секторын едәуiр толық пайдалануға әкелетiн тасымалдардың құнын төмендету және жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн қысқарту жөнiндегi тиiмдi шаралар қабылдануы мүмкін екендiгiне сенiм бiлдiре отырып,
      аралас тасымалдардың өңiрде көлiктiк қызмет көрсетудi арттыру үшiн атқаратын ролiн мойындай отырып,
      белгілi бiр шараларды орындаудың ұзақ мерзiмдi сипаты барын түсiне отырып,
      осы БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы шеңберiнде жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсартудағы маңызды қадам болып табылатындығымен келiсе отырып,
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап
Мақсаты

      1. Осы Меморандумның мақсаты 1998 жылғы 26 наурыздағы Ташкент Декларациясын көлік инфрақұрылымын дамытудың және тауарларды, қызметтерді және еңбек ресурстарын ұлттық шекаралар арқылы тасымалдау рәсiмдерiн оңайлатудың басым салаларында (көлiк тасымалдарын және шекараларды кесiп өтудi жақсарту), әсiресе автомобиль көлiгі саласында орындау үшiн негiз жасау; өңiрдегі жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарының тиiмділiгін арттыру үшін қажеттi басты элементтердi үндестіру жөніндегі СПЕКА-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық пен үйлестiрудi қабылданған халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес, рәсiмдердi, нысандылықтарды және құжаттаманы оңайлату және үйлестіру жолымен күшейту болып табылады.
      2. Осы ынтымақтастық негізiнен институционалдық, құқықтық және экономикалық сипаты бар жалпы қағидаттарды, шараларды және iс-қимылдарды бiрiктiруге, сондай-ақ жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жақсарту саласында оларды орындау және бақылау құралдарына бағытталатын болады.

2-бап
Негiзгі ережелер

      1. Тараптар БҰҰ келiсiмдерi мен конвенцияларындағы және Тараптар жасасқан халықаралық шарттардағыларды қоспағанда, онша қолайлы емес жағдайларды көздейтін шараларды қабылдамайды. Атап айтқанда, Тараптар жоғарыда көрсетілген заңнамалық құралдарда көзделген халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және инфрақұрылымды пайдаланудың нақты құнын көрсететiн және құн есептеудің стандартты элементтерiн пайдалана отырып, алымдар алудың үйлестірілген саясатына негiзделген алымдардың тасымалдаушылардан алынуын қамтамасыз ететін өңiрдегi тиiмдi екiжақты және транзиттiк тасымалдарды көздей отырып, жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жеңiлдету мақсатында әкiмшілiк, техникалық, заңды және басқа да кедергілердi одан әрi жеңілдету жөнiнде жұмыс жүргiзетiн болады.
      2. Осы Меморандумның ережелерi Тараптар қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

3-бап
Халықаралық автомобиль көлiгiнiң прогрессивтi
ырықтандырылуы мен орнықтылығы

      1. Тараптар оның Тараптардың кейбiреулерi үшiн ұзақ мерзiмдi сипатын мойындай отырып, бiртiндеп квоталардан бос режим орнатады.
      2. Квоталардан бос режим Тараптардың арасында қолданылып жүрген екi жақты келiсiмдерде көзделген, тегiн рұқсаттарға қатысты ережелердегi жеңілдiктерге залал келтiрмеуi тиiс. Бұл жол баждары мен басқа алымдарды алу жөнiндегi Тараптар мемлекеттерiнiң егемендi құқықтарына қарсы бағытталмауы тиiс.
      3. Тараптар СПЕКА өңiрiндегi негiзгі халықаралық көлiк дәлiздерiнiң белгілi бiр секторларында халықаралық автомобиль тасымалдарындағы алып өту және өткiзу қуаттылықтарының ұлғаюына әcep ететiн тиiмдi және барабар аралас көлiктiк қызметтердi енгiзедi және дамытады.

4-бап
Халықаралық келiсiмдерге қосылу

      Тараптар осы Меморандумға 1-қосымшада көрсетілген халықаралық көлiк келiсiмдерiне, егер олар әлі оған қосылмаған болса, қосылуға ұмтылатын болады.

5-бап
Барынша рұқсат етілген салмақтық нормалар мен көлемдердi, сондай-ақ өлшеу рәсімдерiн де үйлестiру

      Тараптар жүк көлiк құралдарының барынша рұқсат етілген салмақтық нормалары мен көлемдерiн, сондай-ақ өлшеу рәсiмдерiн үйлестiруге ұмтылады. Тараптар өлшеу рәсiмдерiнiң бiрыңғай тәртiбiн келiседi.

6-бап
Халықаралық маңызы бар жолдар

      Тараптар барынша салмақтық нормалары мен көлемдерiн бар автокөлiк құралдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн халықаралық автомобиль тасымалдары үшiн еуропалық және азиялық тас жолдар желiсiне (әмбебап сипаттағы БҰҰ құжаттарымен белгiленген) кiретiн СПЕКА-ға қатысушы елдер жолдарының барлық учаскелерiн белгіледi (жолдар тiзбесi осы Меморандумға 2-қосымшада көрсетілген).

7-бап
СПЕКА өңiрi жүк көлiк құралдары салмақтық нормаларының халықаралық сертификаты

      1. Тараптар СПЕКА өңiрi жүк көлiк құралы салмақтық нормаларының сертификатын енгiзудi қамтамасыз етедi, оны маршрутта салмақтық нормалардың қайтадан өлшенуін болдырмау мақсатында шығарады немесе сертификаттайды. Осы сертификатты пайдалануды СПЕКА елдерiнiң тасымалдаушылары ерiктi негiзде жүзеге асырады.
      2. Салмақтық нормалар мен көлемдi реттейтiн үйлестiру ережелерiн белгiлеудiң толық рәсiмдерiн, сертификат жасаудың, оны пайдаланудың, сондай-ақ құзыреттi органдар қабылдайтын барлық қажеттi шаралардың толық рәсiмдерiн Тараптар келiсетiн болады.

8-бап
Алымдарды алу саясаты

      1. Тараптар жүктердiң халықаралық тасымалдарынан алымдар алу практикасын бағалар мен шығындарға, кемсiтпеушілiкке және ашықтыққа ара қатынасының қағидаттарын ескере отырып, көрсетiлген алымдар мөлшерiнiң барлық өзгерiстерi туралы бiр-бiрiне алдын ала хабарлауды қоса алғанда, жаңғыртуға және бiртiндеп жақындатуға барлық қажеттi қадамдар жасайды.
      2. Тасымалдаушыларға салынатын баждар немесе кез келген басқа да алымдар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес алынатын және автокөлiк шығындарын есептеу жөнiндегi халықаралық стандарттарға, сондай-ақ өлшем бiрлiктерiне (тонна-километр) негiзделетiн болады. Тиiстi алымдар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес төленетiн болады.

9-бап
Жол тасымалдарымен байланысты алымдардың
ақпараттық жүйесi

      Тараптар шетелдiк тасымалдаушылардың ұлттық автокөлiк желiсiн пайдалануына қатысты алымдар мөлшерiнiң өзгерiстерi туралы алдын ала алынған ақпаратты қоса алғанда, барлық алымдар жөнiндегi толық, дәл және уақтылы ақпаратпен алмасатын болады. Тараптар барлық мүдделi тараптардың арасында тарату үшiн БҰҰ Хатшылығына, Автомобиль Көлiгiнiң Халықаралық Одағына және басқа да үкiметтiк емес ұйымдарға өздерiнiң ресми құжаттарында осы ақпаратты жариялауына өтiнiш жасайды.

10-бап
Кәсiби жүргiзушілер үшiн виза рәсiмдерiн оңайлату

      Тараптар нысандылықтарды оңайлату, талап етілетiн құжаттар санын азайту, визаларды ресiмдеу және жылдық көп реттiк визалар беру уақытын қысқарту мақсатында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын кәсiби жүргiзушілерге визалар беру рәсiмiн оңайлату жөнiндегi мәселелердi, егер бұл басқа қолданылып жүрген келiсiмдерге қайшы келмесе, Тараптардың тиiстi органдарының зерделеуiне тұрақты түрде ұсынуға ұмтылатын болады.

11-бап
Орындалуы

      Тараптар көлiк қуаттарын және экологияға зиянсыз технологияларды жоғарылатуға бағытталған қосымша және қосалқы шараларды қоса алғанда, автомобиль көлiгi саласында көп жақты негiздемелiк келiсiм жасасуға күш салады.
      Бұл ретте Тараптардың тиiстi органдарының жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсаттарды беруi кезiндегi шарттар осы Меморандумда ескерілгеннен гөрi қолайсыздау болмауы, сондай-ақ автомобиль көлiгi саласындағы екi жақты келiсiмдерде бекiтілген ережелердi көрсетуi тиiс.

12-бап
Қолданылу мерзiмдерi

      Осы Меморандум бес жыл мерзiмге жасалады және келесі бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Тараптардың кез келгенi шығу күнiне дейiнгі алты айдан кешiктiрмей бұл туралы Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Меморандумнан шыға алады.

13-бап
Дауларды шешу

      Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады.
      Осы Меморандумға Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Меморандумның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.

14-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Өзара түсiнiстік туралы меморандум Депозитарийдiң оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Меморандумға қол қойған барлық қатысушылардың тарапынан мақұлдау алғаннан кейiн осы Меморандумның тараптары бола алады.
      Қазақстан Республикасы осы Меморандумның Депозитарийi болып табылады, ол қол қойылған Меморандумның расталған көшiрмелерiн барлық Тараптарға жiбередi.
      200__ жылғы "__" ____ ________ қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды.

       Қазақстан Республикасының
      Көлiк және коммуникациялар
      министрлігі үшiн

      Әзiрбайжан Республикасының
      Көлiк министрлiгi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Көлiк және коммуникациялар
      министрлігі үшiн

      Тәжікстан Республикасының
      Көлiк министрлiгi үшiн

      Түркiменстанның
      Автомобиль көлiгi
      министрлiгi үшiн

      Өзбекстан Республикасының
      Автомобиль және өзен көлiгі
      агенттiгi үшiн

1-қосымша  

Автомобиль көлiгі саласындағы халықаралық келiсімдер

      І. Жол тасымалдары рәсiмiн жеңiлдету жөнiндегi конвенциялар

      1. Жол қозғалысы туралы конвенция (08.11.1968.)
      2. 1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында қол қою үшін ашылған жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келiсiм (01.05.1971.)
      3. Жол белгілерi мен дабылдары туралы конвенция (08.11.1968.)
      4. 1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында қол қою үшiн ашылған Жол белгілерi мен дабылдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келiсiм (01.05.1971.)
      5. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келiсiм (ECTP) (01.07.1970.)
      6. Жүктердiң халықаралық тасымалдары жөніндегі шарт туралы конвенция (ЖХШК) (19.05.1956.)
      7. Жеке меншiк жол тасымалдау құралдарын уақытша әкелу туралы кедендік конвенция (04.06.1954.)
      8. Коммерциялық мақсаттарға арналған жол тасымалдау құралдарын уақытша әкелу туралы кедендік конвенция (18.05.1956.)
      9. ХЖТ кітапшасын қолданып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кедендiк конвенция (ХЖТ конвенциясы) (14.11.1975.)
      10. Шекарада жүктерге бақылауды жүргiзу шарттарын келiсу туралы халықаралық конвенция (21.10.1982.)
      11. Қауіптi жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келiсім (ДОПОГ) (30.09.1957.)
      12. Тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы келiсiм (СПС) (01.09.1970.)
      13. Контейнерлерге қатысты кедендік конвенция (02.12.1972.)

      II. Көлiк инфрақұрылымына қатысты халықаралық келiсімдер

      14. Халықаралық автомагистральдар туралы Еуропалық келiсiм (ХАК) (15.11.1975.)
      15. Халықаралық аралас тасымалдардың маңызды желiлерi мен тиiстi объектiлерi туралы Еуропалық келісiм (АТЖК) (01.02.1991.)

2-қосымша  

Барынша салмақтық нормалары мен көлемдерi бар
автокөлiк құралдарын пайдалануға мүмкiндiк
беретiн жолдар учаскелерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы

Батыс - Шығыс бағыты (негізгі бағыттар)

      1. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай - Қытай шекарасы
      2. Қорған - Петропавл - Омбы
      3. Самара - Орал - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент - Жамбыл - Бiшкек
      4. Астрахань - Атырау - Бейнеу - Нөкiс
      5. Ташкент - Шымкент - Тараз - Бiшкек - Алматы - Хоргос - Қытай шекарасы

Солтүстік - Оңтүстiк бағыты (негiзгi бағыттар)

      1. Екатеринбург - Челябi - Қостанай - Қарағанды - Алматы - Бiшкек
      2. Барнаул - Павлодар - Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда - Үшқұдық - Бұхара
      3. Саратов - Орал - Атырау - Бейнеу - Бекдаш - Ашгабат
      4. Новосибирск - Семей - Үшарал - Алматы - Ташкент

Аралық бағыттар

      1. Петропавл - Есiл - Жезқазған - Қызылорда - Yшқұдық
      2. Қарағанды - Аягөз - Бұғаз

Тармақтар және жалғастырғыш жолдар

      1. Петропавл - Астана
      2. Жамбыл - Талас - Сусамыр
      3. Таскескен - Бақты - Қытай шекарасы
      4. Үшарал - Достық - Қытай шекарасы
      5. Алматы - Ұзынағаш - Кемин
      6. Чолпон Ата - Кеген - Көкпек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады