Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қарағанды облысының әкіміне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2004 жылғы 16-17 ақпанда болған дауылдан бүлінген Қарағанды қаласының тұрғын үйлерін жөндеуге және қалпына келтіруге 100000000 (бір жүз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Қарағанды облысының әкімі 2004 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі