1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiнде:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отбасы отағасының оралман куәлiгiнiң және тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттеменiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерiн ұсынуы бойынша оралмандар отбасы отағасының екiншi деңгейдегi банкте алдын ала ашқан жеке шотына қаражатты аударады.".
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 шілдедегі N 747 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз