Шығыс Қазақстан облысының кейбiр энергетикалық кәсiпорындарының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 750 қаулысы

      "АЕS корпорациясымен дауды ретке келтiру туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның, Шығыс Қазақстан облысының AЭК-тарын басқаруға арналған 2000 жылғы 6 қарашадағы N 03/30-2000 шартының ережелерiн ескере отырып, сондай-ақ "Алтайэнерго", "Семей электр тарату желiлерi", "Аягөз электр желілерi" ашық акционерлiк қоғамдарының, "Семей көлiк-энергетикалық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының төлем жасау қабілетiнiң жоқ екенiн назарға ала отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Алтайэнерго", "Семей электр тарату желiлерi", "Аягөз электр желілерi" ашық акционерлiк қоғамдарының, "Семей көлiк-энергетикалық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар) банкроттығына бастамашылық жасасын.

      2. Сот Акционерлік қоғамдарды банкрот деп тану және конкурстық iс қозғау жүргiзу туралы шешім шығарған жағдайда, мыналарды:
      1) олардың әрқайсысында жиынтығы "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ШҚ АЭК" ЖАҚ) акцияларының 100% пакетiн құрайтын тек "ШҚ АЭК" ЖАҚ акцияларының пакеттерiнен төрт негiзгi лот бойынша (бұдан әрi - негiзгi лоттар) акционерлiк қоғамдардың конкурстық массасын қалыптастыруды;
      2) бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан, сондай-ақ акционерлiк қоғамдардың конкурстық iсiнiң әкiмшiлiк шығыстар сомасынан кем болмайтын негiзгi лоттардың ең төменгі бағасын белгiлеудi;
      3) акционерлiк қоғамдардың негiзгi лоттарын сатуды бiр мезгiлде әрi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi өкілдерiнiң қатысуымен жүзеге асыруды;
      4) конкурстық басқарушының конкурстық iс жүргiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен келiсiм бойынша "Шығыс Энерджи AЭC" ЖШС-мен немесе ол тағайындаған аффилиирленген тұлғамен Шығыс Қазақстан облысының АЭК-тарын басқаруға арналған 2000 жылғы 6 қарашадағы N 03/30-2000 шартқа қосылуы шартын жасасуын;
      5) конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiмен негізгi лоттарды сату жоспарын келiсудi көздейтін олардың конкурстық массасын өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбi белгіленсiн.

      3. Негiзгi лоттарды сатып алушыға мынадай:
      1) сатып алушының "ШҚ AЭК" ЖАҚ-тың қызмет бейiнiн, тұтынушылармен жасалған шарттарды және көрсетілетiн қызметтердiң көлемiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдап алу;
      2) сатып алушының Шығыс Қазақстан облысының АЭК-тарын басқаруға арналған 2000 жылғы 6 қарашадағы N 03/30-2000 шартына қосылуы шартын жасасуы және сатып алушының "АЭС Шығыс Энерджи" ЖШС-ға немесе ол тағайындаған аффилиирленген тұлғаға дивидендтерге құқығымен бiрге 2014 жылға дейiнгi мерзiмге "ШҚ AЭК" ЖАҚ акцияларын айрықша сенiмгерлiк басқаруға одан әрi беру жөнiндегі мiндеттемелердi қабылдап алу шарттарын сатып алу-сату шартына енгiзу жолымен қосымша талаптар белгіленсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады