Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 шілдедегі N 764 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1689 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.27. N 1689 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 560-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Құсайынов                - "Маркетингтiк және талдамалық
Нұрлан Жетпiсұлы           зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы
                           басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)

Қыпшақбаев               - "Инжиниринг және технологиялар
Әбдел Исаұлы               трансфертi орталығы" акционерлiк
                           қоғамының президентi (келiсiм бойынша)

Доминов                  - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Евгений Евгеньевич         қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм
                           бойынша)

Манақбай                 - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Толымбек Манақбайұлы       акционерлiк қоғамы басқармасының
                           төрағасы (келiсiм бойынша);

      мынадай:

"Дунаев                  - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Арман Ғалиасқарұлы         қоғамы басқармасының төрағасы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Дунаев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы         министрi";

      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Әмрин Ғұсман Кәрімұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады